Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Таразда газ құбыры жарылды

Бүгін Тараз қаласында газ құбыры жарылды, – деп хабарлайды «Ақпарақ» ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап. Қаладағы Төле би көшесінің бойында болған оқиға орнына бірінші болып қала әкімі Айтқазы Қарабалаев жетті. Шаһар басшысымен бірге жауапты мекемелердің басшылары мен мамандар қазір мәселенің мән-жайын анықтауда.

Атап айтқанда, «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалды. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалып отыр.

Қазір қалпына келтіру жұмыстары мен қабылданатын шаралар пысықталуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close