Басты бет

Таразда жарылған газ құбыры тәулікке жетпей қалпына келтірілді

23 қазанда кешкі уақытта Тараз қаласында газ құбыры жарылды деген хабар тараған болатын. Оқиға орнына бірінші болып қала әкімі Айтқазы Қарабалаев барып, жауапты мекемелердің басшылары мен мамандарға мәселені тездетіп шешуді тапсырған еді.

Бүгінгі қала әкімі кеңесшісінің әлеуметтік желідегі таңғы тікелей эфирінен белгілі болғандай, шаһар басшысы Айтқазы Қарабалаевтың қатаң қадағалауымен жарылған газ құбыры бір тәулікке жетпей қалпына келтірілді. Оқиға орнында түнімен жұмыс істеген мамандар таңға таяу құбырды жалғады. Ал қала басшысы құбырды қалпына келтіру жұмыстары жылдам әрі сапалы жүзеге асуын қадағалап қана қоймай, мәселені тездетіп шешу үшін қажетті техника мен құралдар-жабдықтарды уақытылы жеткізуге бар күшін салды.

Естеріңізге сала кетсек, «Транстелеком» АҚ жұмысшылары жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында Тараздағы Төле би даңғылының бойында АГРС-2 (автоматтандырылған газ реттеуіш станциясы) қалаға кіретін 630 мм диаметрлі полиэтилен газ құбыры зақымдалған болатын. Апатты жағдай салдарынан РК-4 аудандық 4-ші қазандық, 4 өнеркәсіптік кәсіпорын, 27 коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорын және 176 жеке тұрғын үй уақытша газсыз қалған еді. Қазір қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close