Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Аудан әлеуетінің артуы қажырлы еңбек пен тиянақты тірлікке байланысты

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен аппараттық кеңес өтіп, күн тәртібіндегі бірқатар мәселе жан-жақты қаралды.

Атап айтар болсақ, өңірдің 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қуаныш Бүркітәлиев және жергілікті полиция бөлімінің 9 айда атқарған жұмыстарының есебі жайлы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Азамат Қалмаханның есебі тыңдалды.
Мұнан соң, ауыл шаруашылығы саласындағы мәселелер (күздік егіс егу, сүдігер көтеру, су ұңғымалары, каналдар, су қоймалары, Агрохолдинг құру, балық шаруашылығы), діни экстремизм және терроризмге қарсы күрес жөніндегі шараларды үйлестіру, «Аса адалдық алаңы» жобалық офисінің 9 айда атқарған жұмыстары талқыланды.
Жиында сөз алған Сәкен Қаланұлы кейбір көрсеткіштер бойынша қалыс қалып келе жатқан ауылдық округтердің әкімдерін сөзге тартып, ауданның әлеуеті қажырлы еңбек пен тиянақты тірліктің арқасында көтерілетінін, елге езіліп қызмет жасау – мемлекеттік қызметкерлердің басты парызы екенін басып айтты.
Ақпараттық кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, барлық ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысып отырды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close