Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Басты құндылық – ұлтаралық келісім

Жуырда Талас ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Ақпараттық-түсіндіру» бойынша кездесу өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Садубаев сөз алып, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевпен бекітілген «Бейбітшілік пен Келісім» пилоттық жобасының «Ақпараттық- түсіндіру» тобының Тараз қаласы мен аудандарда өтетін іс-шаралардың жұмыс жоспарына сәйкес келген жұмысшы топпен таныстырды.

Кездесуге аудандық прокуратура, полиция бөлімі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті аудандық бөлімшесінің өкілдері, тиісті бөлім басшылары, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес және билер алқасының кеңесінің төрағалары қатысты.

Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ.Садубаев
«Ауданымызда ұлтаралық келісім құндылықтарын насихаттауға, этносаралық қақтығыстардың алдын алуға және реттеуге бағытталған және Мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде ұсынылған мүмкіндіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу біздің басты міндетіміз» деп қорытындылап, осындай жобаны қолға алып, ауданымызға келгендері үшін алғысын білдірді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close