Басты бетЖаңалықтарКоронавирусКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам

Жамбыл ауданында кәсіпкерлік нысандарға рейд жүргізілді

Коронавирус індетін алдын алу мақсатында аудан әкімдігі аппаратының жанынан құрылған мобильді топ мүшелері Аса ауылындағы бірқатар сауда-саттық орталықтары мен дүкендерге барып, Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шаралары туралы №39 қаулылының негіздерін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Құрамында аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркісіп бөлімінің басшысы Бауыржан Төлендиев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов тұрғындарға бетперде тағу, арақашықтықты сақтау және кәсіпкерлік нысан иелеріне бірреттік қолғаппен жұмыс жасау керектігін ескертті.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, ауылдық округ әкімі аппаратының жанынан құрылған мобильді топ бүгін 24 нысанға рейд жұмыстарын жүргізген.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close