Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғамӘлеумет

Жомарт жанның қамқорлығы

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген сөз «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шариповқа қарата айтылған ба дейсің. Осы уақытқа дейін шаруашылық төрағасының елге жасаған жақсылығын талай мәрте жаздық. Жуырда жаны жомарт азаматтың тағы бір ізгілікті ісіне куә болдық. Бұл жолы ұлы Алинұр Шарипов екеуі Айшабибі ауылындағы әлеуметтік жағынан аз қамтылған 50 отбасыға көмек көрсетті.

– Қазақта «Жақсылық қылсаң, жар салма» деген сөз бар. Әбекең талай жақсылық жасады, бірақ жар салмады. Қазіргі таңда облысқа белгілі кәсіпкер 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып, күнкөрісі төмен отбасыларға қолұшын созып келеді. Бүгін осы ауылдағы 50 отбасыға 50 қап пияз және 4 оқушыға смартфон сыйлап, қамқорлық көрсетті», – дейді Полатқосшы ауылдық ардагерлер кеңесінің хатшысы, полиция ардагері Сәпілмәлік Тәжиев.
Өз кезегінде сөз алған округ әкімі Райымбек Сейітов пен ауыл имамы Қатарбай Тәжібаев Абдумалик Тоқтасынұлына алғы­сын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.

Жәнібек АСАНОВ

Жамбыл ауданы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close