Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Байзақ ауданында құрылыс көлемі артып келеді

Биылғы жылы еліміздегі карантин шараларына қарамастан, аудан орталығы мен ауыл және ауылдық округтерде құрылыс қарқынды жүргізілуде.

Жыл басынан білім беру, таза ауыз су, мәдениет, спорт, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым нысандары «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағдарламаларымен құрылыстарына 2 885 449 теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Алдымен үстіміздегі жылы құрылысы жүріп жатқан нысандарға тоқталсақ. Биыл білім беру саласы бойынша Бурыл және Қостөбе ауылында екі жоба жүзеге асырылуда. Бурыл ауылында сметалық құны 1181,647 мың теңге, оның ішінде, конкурстық құны 1 051,987 мың теңгені құрайтын 300 орындық орта мектеп құрылысын «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда. Мердігер мұндағы құрылыс жұмыстарын келесі жылы аяқтап, пайдалануға ұсынатын болады. Ал, Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне жанама спорт зал, мәжіліс залы, асхана және үш оқу бөлмелерінің құрылысын «Тараз Ирригация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған. Сметалық құны 388,623 мың теңге, оның ішінде, конкурстық құны 326,070 мың теңге болатын құрылысты мердігер ағымдағы жылғы қараша айының соңына дейін тапсыруды көздеуде.
Сонымен қатар, Талас ауылының таза ауыз су жүйесінің құрылысы (сметалық құны 638438 мың теңгеге) жүргізілді. Аталған нысан 2020 жылдың тамыз айында пайдалануға тапсырылды және мәдениет саласы бойыншада үш жоба, атап айтқанда, Көкбастау ауылында 90 орындық (сметалық құны 94,968 мың теңге), Жетібай ауылында 90 орындық (сметалық құны 100,848 мың теңге) және Бурыл ауылына 180 орындық мәдениет үйінің (сметалық құны 155,071 мың теңге) құрылыстары жүруде. Аяқталу мерзімі 2020 жылдың желтоқсан айы деп жоспарланған. Спорт саласы аясында да екі жоба қолға алынды. Атап айтар болсақ, Бурыл ауылдық округінде сметалық құны 324,724 мың теңге және Ботамойнақ ауылдық округінде сметалық құны 336,335 мың теңге тұратын дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыстары жүргізілуде. Бұл құрылыстардың аяқталу мерзімі келер жылдың желтоқсан айы деп белгіленген.
Ауыл шаруашылығына байланысты Дихан ауылдық округіне қарасты «Бүрлібай» шаруа қожалығының жерінде орналасқан сметалық құны 11272 мың теңгеге қой мен ешкі тоғытатын орынның құрылысы, Темірбек ауылдық округіндегі «Шахан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында сметалық құны 11829 мың теңгеге, Дихан ауылдық округіне қарайтын «ММ-7» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аумағында сметалық құны 4 миллион 340 мың теңгеге шопанның үйі мен мал қорасына электр желілерінің құрылысын жүргізу нысандары толығымен аяқталған болатын.
2020 жылы 12 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) жобаларының 9 жобасы қолдау тауып, құрылыстары жүргізілді. Олардың қатарында, құрылыс жұмыстары мерзімінде аяқталған Жетібай ауылындағы су (78 082 мың теңге), мен газ (22 685 мың теңге), Мырзатай ауылындағы газ (49204 мың теңге), Аймантөбе ауылындағы газ (31005 мың теңге), және су (45667 мың теңге), электр (32355 мың теңге), Үлгілі ауылындағы электр (145841 мың теңге), мен газ (134309 мың теңге), Қостөбе ауылындағы газ (80085 мың теңге) нысандары бар. Бүгінгі күнге тиісті мекемелердің теңгерілімдеріне тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Қалған үш жоба, яғни, Мырзатай ауылындағы су (сметалық құны 97404 мың теңге), Аймантөбе ауылындағы жол (сметалық құны 39348 мың теңге), Үлгілі ауылындағы жол (сметалық құны 80781 мың теңге) жобалары облыстық және республикалық бюджеттерден қолдау таппады.
Білім беру саласы негізінде Шахан ауылында құны 571880 мың теңге және Сеңкібай ауылында 580470 мың теңгені құрайтын 100 оқушыға арналған орта мектеп құрылыстары, спорт саласы аясында Түймекент ауылынан бір жоба, құны 33828 мың теңге болатын спорт кешенінің құрылысы сараптамадан өтіп, бюджеттік өтінімдер осы жылдың мамыр айында облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды.
Ауыз сумен қамту бойынша Бурыл, Жаңатұрмыс, Көкбастау ауылдарына су құбырлары құрылыстарының жобалау сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өткізілді. Бүгінгі күнге жоғарыда көрсетілген елді мекендерде су құрылыстары бастау алды.
Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында жобалау сметалық құжаттамалар дайындау ісі де назардан тыс қалмады. Осы мақсатта, ағымдағы жылы аудан бюджетінен 17 жобаға 78144,0 мың теңге қаражат бөлініп, жобалау сметалық құжаттама дайындалуда. Атап айтқанда, 8 жоба – білім беру, 2 жоба – мәдениет, 1 жоба – спорт, 2 жоба – бас жоспар, 3 жоба – бөлшектеп жобалау жоспары болып отыр.
Спорт саласы бойынша Сарыкемер ауылына дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысына жобалау сметалық құжаттама дайындалып, сметалық құны 324724,0 мың теңгеге сараптамадан өткізіліп, құрылысқа керекті бюджеттік өтінім осы жылдың сәуір айында, мәдениет саласы бойынша Тегістік ауылына сметалық құны 153343 мың теңгеге 90 орындық мәдениет үйінің құрылысына ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізіліп, бюджеттік өтінім осы жылдың маусым айында облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды. Сонымен қатар, Көкбастау ауылына 90 орындық мәдениет үйінің (сметалық құны 25405 мың теңге) инфрақұрылымына жобалау сметалық құжаттама дайындалып, сараптамадан өткізілді. Құрылысына бюджеттік өтінім 14.10.2020 жылы облыстық құрылыс басқармасына тапсырылды.
Білім саласы бойынша Базарбай ауылындағы А.Пушкин орта мектебіне (сметалық құны 293373 мың теңге), Көкөзек ауылындағы Т.Ақбозов орта мектебіне жанама спорт зал, асхана (сметалық құны 215 276 мың теңге) құрылыстарының жобалау сметалық құжаттама дайындалып, қыркүйек айында сараптамадан өтті. Ақжар ауылындағы балабақша және Құмжота ауылындағы Өнер мектебі қазандықтарының құрылыстарына жобалау сметалық құжаттама және Ақжар ауылындағы С.Сейфуллин орта мектебі, Аймантөбе ауылындағы Берікқара орта мектебі қазандықтарын қайта жаңғыртып, газ жүйесіне қосуға жобалау сметалық құжаттама мен сараптамадан өткізу жұмыстары желтоқсан айында аяқталатын болады. Көктал ауылына 600 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы және Үлгілі ауылындағы орта мектепке жанама 100 орындық оқу кабинеттерін салуға жобалау сметалық құжаттама мен сараптамасы қараша айында аяқталса, бас жоспар бойынша Бурыл және Құмжота ауылдарының бас жоспарлары мен бөлшектеп жобалау жоспарлары бірге әзірленді. Сондай-ақ, Дихан-2 ауылындағы 100 га, Жетібай ауылындағы 50 га, Базарбай ауылындағы 47 га тұрғын алқаптарына бөлшектеп жобалау жоспарлары әзірленіп, 2020 жылдың 30 мамырында аяқталды.
2020 жылдың екінші жарты жылдығында бірқатар нысандардың құрылысына жобалау сметалық құжаттама әзірлену үстінде. Олардың арасында Сарыкемер ауылына 5 қабатты 60 пәтерлі 5 тұрғын үй құрылысының ЖСҚ аяқталып сараптамадан өтуде. “Жетібай, Байзақ, Түймекент елді мекендеріне (әр елді мекендегі нысанның сметалық құны – 23776,0 мың теңге) қызметтік тұрғын үйімен біріктірілген полициялық пункті» ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізілді. Ал, «Байзақ ауданы, Жетібай ауылында орналасқан 50 га тұрғын алқабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын (электр, су желісі)», «Байзақ ауданы, Базарбай ауылында орналасқан 40,24 га тұрғын алқабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын (электр желісі)», «Байзақ ауданы, Диқан ауылында орналасқан 87,84 га тұрғын алқабына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын (электр, су желісі)” нысандарының ЖСҚ қараша айында аяқталып, ондағы құрылыс жұмыстары 2021 жылға жоспарлануда.
Облыстық басқармамен бекітілген құрылыс көлемі туралы меже бойынша атқарылған жұмыстар тұрақты бақылауда ұсталынады. Аудан бойынша 2019 жылдың 9 айының қорытындысымен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтар – қыркүйек айында 4 096,491 теңге болса, 2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айында 8 559,238 мың теңгеге, яғни, 202,7 пайызға өсіп отыр. Бұған қоса, аудан көлемінде пайдалануға берілген тұрғын үй бойынша 2019 жылдың 9 айының қорытындысымен салыстырғанда 2019 жылдың қаңтар – қыркүйек айында 18 301 шаршы метрді құраса, 2020 жылдың қаңтар – қыркүйек айында 20 482 шаршы метрді, яғни, 111,9 пайызға өскені байқалады.
Биылғы жылы еліміздегі карантин шараларына қарамастан жоғарыда көрсетілген әлеуметтік салалар бойынша аудан халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту бағытындағы ауқымды істер өз жалғасын табатын болады.

Ербол САДЫРОВ,
аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс
бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close