Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Мойынқұм ауданының әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді

Жамбыл облысы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» ақпарат алаңында Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Тоқтарбайұлы Мұсаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясында Мойынқұм ауданының 2020 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалып, журналистердің сұрақтарына жауап берілді. Атап өтсек, Мойынқұм ауданында жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік нысандарында карантин шараларының сақталуына тексеру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Мониторинг тобымен 19 хаттама толтырылып 791 730 теңгеге айыппұл өндірілді.
2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бөлшек сауда айналымының көлемі 1433,5 млн. теңгені құрап, 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 93,5%-ды құрады.
Ал, көктемгі егіс дала жұмыстары өз деңгейінде жүргізілді. Атап айтсақ, биылғы жылы егіс алқабын 334 гектарға артту жоспарланған болса, 5408 гектар жер толық игерілді. Көктемгі егіс дала жұмыстарына Үкімет тарапынан кепілдендірілген бағамен, 390 тонна жанар-жағармай бөлініп, аудан шаруашылықтарына таратылып берілуде.
​​Өткен жылы Жамбыл облысында пилоттық жоба қолға алынған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты – әрбір тұрғынға өзін-өзі жұмыспен қамту және үй іргесіндегі жерді пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік туғызу. Жоба 5 бағыттан тұрады. Аталған жоба аясында Мойынқұм ауданының 139 азаматы ауыл шаруашылығын дамыту мақсатындағы 379,3 млн. теңге жеңілдетілген несиеге 413 бас мүйізді ірі қара, 924 бас уақ мал, 381 бас жылқы және 79,4 млн. теңгеге 12 дана ауылшаруашылығы техникаларын алды.
Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы шешілмей тұрған мәселелердің бірі – ауылішілік жолдар болатын. Биылғы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы ауданда 21 ауылішілік жолдарды орташа жөндеу үшін 454,5 млн. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 9 ауылішілік жолдарды жөндеуге 206,2 млн. теңге бөлінді. Қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
​​Аудан бойынша жалпы 24 ауылдық елді мекеннің 17 елді мекені немесе 70,8% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында жалпы құны 426,3 млн. теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауыз су ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» жобасына биылғы жылға 302,0 млн. теңге қаражат қарастырылған. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жобаны қаржыландыруға 1387,0 млн. теңге қаражат бөлініп отыр. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде ең төменгі жалақы алатын 18495 адамнан өтініш түскен, оның 6143 өтініші қолдау тауып, қанағаттандырылды. Бүгінгі таңға 42 500 теңгені ала алмаған азаматтардың өтініштері 1 желтоқсанға дейінгі аралықта аудандық штабта қайта қаралуда.
«Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акция аясында ауданда 800 аз қамтылған отбасыларына 50000 теңгеден 40,0 млн. теңге қаржы төленуде.
Төтенше жағдай кезінде тұрмысы жағдайы 681 төмен отбасыларына 17758 дана халықтық тұтыну тауарлары мен киім-кешектер таратылды, – деді Мәден Тоқтарбайұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close