Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында жануарлар арасындағы ауру көрсеткіштері азайды

Бұл туралы бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Болатұлы баяндап берді.
Айтуынша, эпизоотияға қарсы іс-шаралар үшін облыстық бюджеттен 1,56 млрд. теңге, энзоотиялық ауруларға қарсы жүргізілетін іс-шараларға 444 млн. теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда жылдық жоспар бойынша ветеринариялық-профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілуде.

Атқарылған ветеринариялық іс-шаралардың тиісті орындалуының нәтижесінде аса қауіпті аурулардың жануарлар арасындағы ауру көрсеткіші азайған, атап айтқанда, өткен жылдың осы деңгейімен салыстырғанда ірі қараның бруцеллезге шалдығуы 26%-ға, ұсақ малдың шалдығуы 11%-ға азайып, адамдар арасында ауру көрсеткіші 68%-ға төмендеген.
Республикадан барлығы 415,4 мың доза құс тұмауының вакцинасы бөлініп, жабайы құстардың ұшып-қону бағытындағы және құс фабрикалары маңында орналасқан елді-мекендеріндегі 354,0 мың үй құстарына вакцина егілді. Бүгінгі таңда құс тұмауы тоқтады. Өлген, жойылған 410 бас үй құстарына Республикалық бюджет есебінен 1,9 млн. теңге өтемақы төленді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close