Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында 2022 жылға дейін қарқынды бақтың көлемін 2070 гектарға жеткізу жоспарлануда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Берік Нығмашевтің қатысуымен «Жамбыл облысы агроөнеркәсіп кешенінің 9 айда атқарылған жұмысы туралы» баспасөз конференциясы өтті.

Спикер , биыл өңірдегі үдемелі бақтың көлемі 1313 гектарды құрағанын атап өтті. Алдағы 2 жылда қарқынды бақты 757 га , атап айтқанда 2021 жылы 1600 га, 2022 жылы 2070 га орналастыру жоспарлануда.
Егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында өңірде 2020 жылы 53,1 мың га сафлор, соя, рапс дақылдары орналастырылған. Сондай-ақ, картоп және сарымсақ дақылының орналасу көлемі 11,2 мың га құрап отыр.
Жер асты суын пайдалана отырып су үнемдеу технологиялары 30,0 мың гектарға енгізілді.

-2020 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдары 734,9 мың гектарға орналастырылды.
139,0 мың га күздік бидай себіліп, 2021 жылы оның көлемін 150,4 мың га жеткізу жоспарлануда
Ағымдағы жылы рапс дақылын егу қолға алынып, 0,7 мың гектарға егілді,-деді Берік Болатұлы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close