Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Тұрар Рысқұлов ауданында 2,9 млрд. теңге инвестиция тартылған

Тұрар Рысқұлов ауданында 9 ай ішінде ауылшаруашылығы саласына 2,9 млрд. теңге инвестиция тартылған.

Саладағы өнім көлемі 27,4 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі – 104,5 пайызға орындалды. Оның 17,4 млрд. теңгесі егін шаруашылығына, 10,0 млрд. теңгесі мал шаруашылығына тиесілі. Бұл туралы аудан әкімі ӨКҚ алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

-Аудандағы көктемгі дала жұмыстарына 2795 тонна. кепілдендірілген жанар май бөлініп, 1 литрі 158 теңгеден шаруаларға таратылды.
Ал, күзгі дала жұмыстары кезінде де дихандардың сұранысына сәйкес 2520 тонна дизель отыны бөлініп, сұранысқа сәйкес 1680 тоннасы дихандарға таратылды, – деп атап өтті спикер.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close