Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятҚоғамӘдебиет

Таразда Абай даңғылына ақынның суреттері ілінді

Тараздың негізгі көшелерінің бірі саналатын Абай даңғылының бойына ағартушы ақынның суреті ілініп, көше көркін кіргізе түсті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тараз көшелерінің аты берілген Төле би, Жамбыл, Әл-Фараби секілді қазақтың біртуар тұлғаларының да фотосуреттері бағаналарға бекітілетін болады.
Айта кету керек, биылғы жылы Тараз көшелерінің күрделі және орташа жөндеуден өтуімен қатар, қазіргі уақытта «Smart City» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде шаһар көшелерін сыртқы жарықтандыру желілерін жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы жобаны іске асыру барысында түнгі Тараз түрлене түспек.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close