Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Тараз қаласында қоғамдық көліктердегі электронды билеттендіру жүйесі туралы

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінен бастап қалалық қоғамдық көліктерге «Tulpar card» электронды билеттендіру жүйесі енгізілді. Енгізуші оператор – «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС. Ағымдағы жылдың 8 қазанынан бастап Тараз қаласы әкімдігінің дифференциалды тарифті бекіту туралы қаулысы қолданысқа енді, яғни қаулыға сәйкес электронды жолақысын төлеу үшін тариф көлемі ересектерге – 65 теңге, мектеп оқушыларына – 30 теңге, қолма-қол төлеу тариф көлемі ересектерге – 130 теңге, мектеп оқушыларына – 65 теңге.

Бүгінгі таңда қалалық бағыттардағы автобустардың барлығына төлем қабылдайтын 300 стационарлы  валидатор және 352 мобильді терминалдар орнатылды.

«Tulpar card»  төлем карталарының (бірыңғай, мектеп оқушыларының) логотипі, дизайні және жүйенің өзіндік стилі әзірленген. Карталар а.ж. 12 тамызынан бастап қаланың әр аймағында орналасқан 15 сату/теңгерім толтыру пункттерінде сатылуда. Жалпы бүгінгі күнге дейін 100 744 дана бірыңғай көлік карталары және 20 807 дана оқушы карталары сатылды.  Сатылымда 47 256 бірыңғай карта және 26 193 оқушы карталары бар.

Тұрғындар мен пайдаланушылардың «TULPAR card» жүйесі және басқа да мәселелерге қатысты өтініштерін қабылдайтын орталық ашылды.

Төлем карталарын сату/теңгерім толтырудың 15 пункттері іске қосылды:

– TULPAR CARD қызмет көрсету орталығы – «Жайлау» (3) ықшам ауданы, №21 үй;

– «Мыңбұлақ» (9) ықшам ауданы, 26 үйдің жанындағы «Жібек жолы» аялдамасы;

– Байзақ батыр көшесінің бойындағы айналым, «Темір жол» диспетчерлік пункті;

– Б.Момышұлы көшесі, «Қайкермет» базарының аялдамасы;

– Рахымов көшесінің бойындағы «№1 қалалық аурухана» аялдамасы;

– Б. Момышұлы көшесі, «Жансая» аялдамасы;

– Сейфуллин көшесі, «Сейфуллин» аялдамасы;

– Қазыбек би көшесі, «Глобус» аялдамасы;

– А.Асқаров көшесі, «Военторг» аялдамасы;

– Сәтпаев көшесі – Жамбыл даңғылы, «Тәтті себет» супермаркеті;

– «Қаратау» (2) ықшам ауданы, «Тәтті себет» дүкені («Аватария» сауда үйі);

– Абай даңғылы, темір жол өткелінің арғы жағы «Тәтті себет» дүкені;

– «Бәйтерек» (13) ықшам ауданы «Тәтті себет» дүкені;

– «Шалғай Қарасу» алқабы, Целиноградская көшесі, «Тәтті себет» дүкені;

– «Қант зауыты» алқабы, Талас көшесі, «Тәтті себет» дүкені.          

Сондай-ақ «Qiwi», «Касса-24» төлем терминалдары, интернет банкингтердің мобильді қосымшалары арқылы карталарға теңгерім толтыру мүмкіндігі іске қосылған.

«Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-мен көлік карталарын сату/толтыру пунктеріне 20 агент және бақылау-ревизиялық қызметке 21 жұмысшы қабылданды.

Сонымен қатар Андройд және Айос смартфондарға арналған мобильді қосымша әзірленді. Бүгінде Appstore, Playmarket бағдарламалары арқылы смартфондарға жүктеуге болады. Бұл қосымшада жеке кабинет ашу, QR-код арқылы жолақысын төлеу, жасалған операциялардың тарихын (история) қарау және т.б. мүмкіндіктер қарастырылған.

Зият ТҰРСЫНҰЛЫ, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close