Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет
Әлеуметтік төлемдер төленуде

Жыл басынан бастап Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты табысы кедейлік шегінен төмен отбасыларына АӘК тағайындалып төленуде.
Атаулы әлеуметтік көмекке қаңтар-қыркүйек айларына 4131 отбасы қайырылып, оның ішінде: 1160 отбасына АӘК тағайындаудан бас тартылды, ал 2971 отбасына 901,5 млн теңге тағайындалып төленді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаңтар-тамыз айларында 1-6 жас аралығындағы 3273 балаға 23780 кепілдендірілген әлеуметтік пакет және 9416 дана тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы таратылды. Қыркүйек айында 1-6 жас аралығындағы 3285 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет тізімі жасалып, «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жіберіліп, бүгінгі күні АӘК алушы отбасыларына берілуде.
Төтенше жағдай кезеңіне халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету қағидаларын басшылыққа ала отырып, 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (5556 теңгеден) 5 санатқа сәуір, мамыр, шілде және тамыз айларына төлем жасалынды. Атап айтқанда:
– АӘК алушы 6-18 жас аралығындағы балаларына;
– 1,2,3 топтағы барлық жастағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға;
– 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға ;
– 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаға қарап отырған азаматтарға ;
Ал халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелген 26965 жұмыссыз азаматқа 612,6 млн теңге тағайындалып, төленді. Тұрғын үй көмегіне 2020 жылға жергілікті бюджет есебінен – 174,0 млн тг қаржы бөлініп, қыркүйек айының 30-на дейін 3223 отбасыға (12892 адам) 55,6 млн теңге тағайындалып, төленді.
Гаухар Олжабаева,
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.