Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Атқарылған ілкімді істер көп

Тараз қаласында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі көңіл көншітеді.

Көше жолдарының жағдайы және жөндеу жұмыстары

Тараз қаласында 1330 көше жолдары бар, оның ішінде: 805 көше, 3 даңғыл, 440 бұрылыс, 40 тұйық, 42 өткел.    Жолдардың жалпы ұзындығы – 1831,3 шақырым, оның ішінде: асфальт жол – 1023,9 шақырым, шағал жол – 807,4 шақырым, асфальт жолдары бар көшелердің саны – 610, ал шағал тас жолдары бар көшелердің саны – 720.

Өткен жылы қала бойынша 36 нысан орташа жөндеу бойынша 1 522 000 000 теңге бөлініп, жалпы келісім шарт құны – 1 359 502 768 теңгені құрайды.136 млн теңге үнемделді.  Жалпы ұзындығы – 78,022 шақырым. Тараз қаласында 36 нысан бойынша: 138 көше, бұрылыс және тұйықтарда орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен аяқталды. 2020 жылға Тараз қаласы көшелерін және жаяу жүргінші жолдарын (тротуар) орташа жөндеуге жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы аясында 100 жоба бойынша, жалпы құны 3,334 млрд қаржы қарастырылды. Жалпы ұзындығы 87,5 шақырым құрайды. Қазіргі таңда 100 нысанда мердігер анықталды, 82 нысанда жұмыстар басталды, 64 нысанда аяқталды. Сонымен қатар Сүлейменов көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жүргізілуде. Ұзындығы 4,799 шақырым. Жалпы жаяу жүргіншілер жолы (тротуар) ұзындығы 12,193 шақырым құрайды.

2020 жылы Тараз қаласы көшелерін ағымды жөндеуге қалалық бюджеттен 200 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда ағымды жөндеу жұмыстары 35 796 шаршы метрде келесі көшелерде жүргізілді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ағымдағы жылы Тараз қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалалық бюджеттен 175 500,0 мың теңге бөлінді. «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы шыққанға дейінгі қызмет көрсету үшін 2 айға (қаңтар, ақпан) «СМЭУ-Автотранссигнал 2» ЖШС-мен 20 000,0 мың тг келісім шарт жасалды. Тараз қаласы ПБ нұсқамасы бойынша 150-ге жуық жол белгісі орнатылды, 100 жол белгісін ауыстыру, демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелін орнату жұмыстары 9 нысанда жүргізілді. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін қалған 155 500,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу жұмыстары келесі 2 лотпен жүргізілді(шағымдану сатысында тұрған):

– «2020 жылы Тараз қаласында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау, орнату және қалпына келтіру», құны 97 041 888,2 тг.

– «2020 жылы Тараз қаласындағы көшелердің жүріс бөлігін таңбалау», құны 56 958 111,8 тг.

Қорытынды нәтижесі бойынша жеңімпаз-мердігер болып 18.06.2020жылы «СМЭУ Автотранссигнал-2» ЖШС анықталды.Қалада 136 бағдаршам нысаны жұмыс істеуде. Бағдаршамдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күнделікті 4 бригададан тұратын арнайы құрам жай-күйін анықтап отырады. Тараз қаласы ПБ-мен берілген нұсқамаларға сәйкес409 жуық жол белгілері орнатылды. 165 дана көлемінде жол белгілерді демонтаждау және көшіружұмыстары жүргізілді. d=200мм бағдаршам секцияларын d=300мм секциясына ауыстыру жұмыстары 17 данада жүргізілді (Абай-Қазыбекби, Абай-Әйтеке би, Абай-Ташкент, Абай-Байзақ батыр). «Балалар» панносы 2-нысанда орнатылды, Байзак батыр (№24 мектеп). Көшек батыр көшесінде 12м жасанды кедергіні монтаждау-демонтаждау жұмыстары жүргізілді. Жасанды жол кедергісі 47 метрде орнатылды. Тараз қаласы ПБ нұсқамасына сәйкес 252,5 м жасанды кедергі орнатылды. 8 дана d=300мм көлік бағдаршамы ауыстырылды (Абай-Қазыбек би, Абай Әйтеке би).КДУ контроллері ауыстырылды. 7 дана көпфункционалды жол КМД-1 коммутаторлары орнатылды. Жамбыл-Пушкин, Тәуке хан-Саңырақ батыр, Төле би-Қойгелді, Төле би-Рысбек батыр, Қонаев-Желтоқсан, Төле би-Аққозиев, Абай-Петров, Байзақ батыр-Әйтиев көше қиылыстарында бағдаршам нысандарын авариялық қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Ташкент-Әйтиев көше қиылысында 4-қосымша бағдаршам нысаны орнатылды. Жамбыл-Ниетқалиев қиылысында жаяу жүргінші бағдаршамы қалпына келтірілді. Жол-көлік оқиғаларынан кейін келесі бағдаршам нысандары қалпына келтірілді: Жамбыл-Сүлейменов – жаяу жүргінші бағдаршамы қалпына келтірілді, Төле би даңғылы (Бектұрғанов аялдамасы) – консоль және тірек қалпына келтірілді. Төле би-Аққозиев қиылысы бағдаршам нысанының жұмыс режимі өзгертілді, сонымен қатар консоль ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Абай-Ташкент көше қиылысы бағдаршам нысаны адаптивті басқарылуы қалпына келтірілді. Тараз қаласы ПБ нұсқамасына сәйкес бағдаршам нысандарында жұмыс режимін ауыстыру жұмыстары жүргізілді: Абай-Қазыбек би, Абай-Әйтеке би, Абай-Ташкент, Абай-Байзақ батыр, Мәмбет батыр көшесі (Ауыл Береке базары). 5 дана бағдаршам нысанының жоғарғы бөлігі(головка) орнатылды: Қазыбек би-Аққозиев – 1 дана, Төле би-Рысқұлов – 2 дана, Қонаев-Комратов – 2 дана. Абай-Балуан Шолақ күн панеліндегі жарықдиодты белгілер қалпына келтірілді. Рахимов көшесінде (Мәдениет үйі маңы) 97,5 м2 көлемінде жол бөлігін таңбалау жұмыстары жүргізілді. Тараз қаласы ПБ нұсақамасы бойынша 55 653, 84м2 көлемде жол бөлігін таңбалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Сейфуллин көшесі бойынша суық пластикпен механикаландырылған тәсілмен таңбалау жұмыстары 741,84 м2 көлемде жүргізілді. 1 870,00 м2көлемде реттелетін және реттелмейтін жаяу жүргінші жолында суық платикпен таңбалау жұмыстары жүргізілді.

Тараз қаласының көлік жол желілеріне тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша жол белгілерін орнату, бағдаршам нысандарын, жол таңбаларын енгізу және т.б. кемшіліктерді жою үшін Тараз қаласы Полиция басқармасымен нұсқамалар тұрақты түрде берілуде. Қазіргі таңда 280 – аса нұсқама берілді, оның 180-ге жуығы СМЭУ Автотранссигнал-2» ЖШС тарапынан орындалды.

Зият Тұрсынұлы,

«Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close