Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Жамбыл облысында жалған діннің жетегінде кеткен 135 азамат қоғамға бейімделді

Жамбыл облысында жалған діннің жетегінде кеткен 135 азамат қоғамға бейімделді. Бұл туралы Облыс әкімдігінің дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаров ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында баян етті. Ол облыс бойынша дін саласының 10 айдағы негізгі көрсеткіштеріне тоқталды.

Баяндамашының айтуынша, биыл су жаңа салынған 4 мешіт тіркеуден өткен. Сонымен қатар, облыс аумағында тағы 13 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Жамбылдағы жалпы 312 мешіттің ішінде 22-інде ресми бекітілген имамдар жоқ.
Өңірде арнайы бұйрықпен 400 діни қызметкер қызмет етеді. Оның 304-і имам-молда, 37-сі наиб имам, 31 азаншы, 28 ұстаз.

Мешіттерде 98 жоғары білімді имам, орта білімді 59 және сауат ашу курстарын бітірген 243 діни қызметкер бар.
-Облыстағы мешіттердің жалпы сыйымдылығы 54090 адамға шақталған. Христиан бағытындағы шіркеулерге келушілер саны 3800 адам шамасында. Мешіттерге күнделікті келушілер саны 6 мың адам болса, шіркеулер 800-ді құрады,-деді басқарма басшысы.
Жамбыл облысында мемлекеттік тіркеуден өткен 358 діни бірлестік бар. Оның 312-сі мешіт, 46 христиандық бағыттағы шіркеу.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close