Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында мақсатты пайдаланылмаған 70 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жамбыл облысында мақсатты пайдаланылмаған 70 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифинг барысында облыс әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Тамабек Әбілхайыр айтты.
Спикердің сөзінше, жерлерді қайтару жоспары 104%-ға орындалған. Ал, мемлекет меншігіне қайтқан 73 033 га жердің басым бөлігі жайылым жерлер. Яғни, 67 574 га жер мал өргізуге арналса, қалған 5 459-ы егістік алқаптары.
Ал, Жамбыл және Шу ауданында 23,0 мың га жуық ауыл шаруашылығы жерлері заңсыз конкурсқа шығарылған.
Жер беру бойынша Жамбыл ауданында 78, Шу ауданында 107 қаулы заңсыз қабылданған. Бүгінгі күнге Шу ауданы әкімдігі аталған бұзушылықтарды жойып, заңсыз берілген 13 474 га жер мемлекетке қайтарған. Оның 2 670 га егістік, 10 804 га жайылым жерлер саналады.

  • Облыстық прокуратура 4 ауданға тексеру жүргізген. Қортындысында көлемі 14,3 мың га құрайтын жерге қатысты 34 қаулы заңсыз қабылданғандығын анықтады. Ол бойынша 12 жауапты лауазымды тұлғаға тәртіптік шаралар қолдану ұсынылған» деді спикер.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close