Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Жерді жекеменшікке сату және жер телімін жалға пайдалануға беру бойынша түсімдер

Жергілікті атқарушы органға жер пайдаланушылардан түскен өтініштері Тараз қаласы әкімдігінің алқа мәжілісінде қарастырылып, Тараз қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.      

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес,  Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімімен және жер пайдалану құқығына өтініш білдірген азаматтармен келісімшарт дайындалғаннан кейін аталған түсімдер жерді жекеменшікке сату 303 101 бюджеттік кодына және жер телімін жалға беру 303 202 бюджеттік кодына түседі.

Сонымен қатар Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы «Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жекеменшікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын белгілеу туралы» №230 қаулысына сәйкес, Тараз қаласы бойынша 1 шаршы метр үшін төлемақының базалық ставкасы 1040 теңгені құрайды.

І бағалау аймақта – жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті 2,0;

ІІ бағалау аймақта – жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті 1,5;

Ш бағалау аймақта – жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті 1,0;

ІV бағалау аймақта – жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті 0,6;

V бағалау аймақта – жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенті 0,5.

Осы жоғарыда көрсетілген бағалау аймақтардың түзету коэффициентеріне сәйкес, жер учаскелерінің сатып алу және жалға беру құны есептеледі.

2020 жылдың 10 айында жергілікті бюджетке жерді жекеменшікке сату және  жер телімін жалға жер пайдалану құқығын беру – 303101 коды бойынша жылдық жоспар 346,0 млн теңге, орындалғаны – 293,5 млн теңге, 303202  коды бойынша жылдық жоспар 59,9 млн теңге, орындалғаны – 95,2 млн теңге.

Біржан Башанов,

Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close