Басты бетЖаңалықтарРуханиятҚоғам

Ұлы дала жастары

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы – қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру –  баршамыздың міндетіміз.

«Рухани жаңғыру» – бұл адам сана-сезімінің, сенімі мен сапасының, білімі мен өмір сүру тәсілінің көрсеткіші. Ал жастардың рухани байлығы дегенде, бірінші кезекте олардың білімділігі, ана тілін білуі, тарихы мен мәдени деңгейі, дүниетанымдық ой-өрісі тұрады. Сондықтан Ұлт көшбасшысының бағдарламалық мақаласы тікелей жастарға арналған. Өйткені болашақ жастардың қолында. Сондай-ақ бұл бағдарламалық мақалада ел болашағы жастарға арналған тараулар мен мақсаттар айқын көрсетілген.

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі – ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек», –  деп атап көрсетті.

Қазіргі кезде өркениет дүниежүзілік дамудың әртүрлі кезеңдерін басынан өткізуде. Еліміз де күрделі тарихи кезеңдерден өтті, қазір де әлеуметтік, саяси, мәдени тұрғыдан қиындықтар аз емес. Ең бастысы – жастар мәселесі, олардың үлкен тұлға ретінде қалыптасуындағы рухани құндылықтар, ұлттық мәдениеттің әсері туралы сұрақтар ең басты мәселе болып табылады.

Жастар Қазақстан халқының жартысынан артығын құрайды және қоғамның белсенді бұл тобы ел болашағында шешуші рөл атқарады. Жастар – еліміздің болашағы, ертеңі. Қоғамда пайда болған саяси вакуумға тез арада Шығыстан да, Батыстан да өзгенің бәрі құйыла бастайды. Басқа құндылықтарды бойларына сіңіртіп, рухани дүниесін өзгелерге билетіп қою еліміздің өркениеттілік деңгейін көтереді деп айту қиын.

Бүгінгі күндегі қоғамдағы қарама-қайшы мәселелер кешені, үрдістердің бірыңғайсыздығы жастар ортасы мен қоғамда бәсекелі қақтығысқа әкелуі мүмкін. Алайда қазіргі заманғы жастар – өзінің болашағын өзі жасаушы, өзінің күнделікті алып жүрген білімін, ерік-жігері мен шығармашылық белсенділігін тиімді пайдалана алатын, өмір ағысына икемделе білген, өз болашағына сеніммен қарайтын жеке тұлға. Оның алдындағы ең басты мақсат – қоғамда жаңадан қалыптасып келе жатқан қадір-қасиеттерін өз бойына сіңдіре отырып, жаңа қоғамдық жүйеге бейімделіп, ене білу.

Абзал ЕСІРКЕПОВ, Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close