Басты бетЖаңалықтарСпортҚоғам

Боз кілемде – балғындар

Жуырда Қызылқайнар ауылдық округінде «Терроризм мен экстремизмге жол жоқ» атты ұранмен Аса балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен елімізге белгілі көкпаршы, Жасөркен ауылы ақсақалдар кеңесін басқарған Сағымбек Көбейқұлұлын еске алуға арналған 2005-2007 жылғы жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен аудандық ашық турнир өтті. Жарысқа ауданның барлық өңірінен 50-ден астам спортшы қатысты.
Сайыстың ашылу салтанатында Аса балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары Нұржан Қазбеков, ақсақалдың інісі Жәнібек Көбейқұлов және досы Сатыбалды Арызбайұлы спортшыларға жеңіс тіледі. Ашық алаңқайға жайылған боз кілем үстінде төрешілер таразы басын тең ұстап отырды. Жаттықтырушылардың еңбегі кілем үстінде белдескен балғын балуандардың ептілігі мен күштілігі арқылы сынға түсті. Нәтижесінде, 35 кг салмақта Ерқанат Қалмаханбет (Жасөркен ауылы), 38 кг салмақта Кәрімбай Иманғали (Байзақ ауданы), 41 кг салмақта Асылхан Мамырхан (Жасөркен ауылы), 44 кг салмақта Ғалымбет Дарын (Байзақ ауданы), 52 кг салмақта Дастан Нартай (Жасөркен ауылы), 57 кг салмақта Райымбек Жұмабай (Байзақ ауданы), 62 кг салмақта Жәнібек Сәлибек (Жасөркен ауылы), 68 кг салмақта Даниал Құрманбек (Амангелді ауылы), 68 кг салмақта Нұрасыл Қалмаханбет (Жасөркен ауылы) жеңімпаз атанды. Айта кететін жайт, ауылдағы спорттан олимпиада тұғырына жетелейтін – осындай жарыстар, спорт турнирлері. Себебі, осындай спорт додаларында саңлақтар алдағы биік асуларды алудың жолдарын іздей бастайтыны спорт тарихынан мәлім.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close