Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Уақыт кеңістігіндегі құнды құжат

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы – бүгінгі уақыт кеңістігінде біздің рухани тірегімізді одан әрі бекітуге, әлемге паш етуге, аса қажет тұстарды айқын бағамдаған құнды құжат. Расымен, Еуропа халықтары өздерінің көне дәуірімен әлемге мақтанышпен қарайды. Біз де өз дәуірінде өзгеге үлгі болған, өзіндік мәдениеті мен өмір сүру салтын қалыптастырған көне түркілердің ұрпағы екенімізді мақтан етеміз.
Сейсенбі күні аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы аясында «Ұлттық сананың мәйегі – ұлт тарихында» атты танымдық кеш өтті.
Іс-шараны қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Құралай Асхатаева тарихи сананы жаңғыртуға, тереңінен тануға жастардың атсалысу керектігін дәріптеуден бастады.
Кеште сөз алған тарихшы, кітапхананың тұрақты оқырманы Алтынхан Сапарбеков:
– Бүгiнгi тaңдa aдaмдapдың қoғaмдық caнa-ceзiмiндe дүниeтaнымдық үйлeciмciздiк бaйқaлудa. Өз хaлқының дәcтүpiн, тapихы мeн мәдeниeтiн бiлугe дeгeн ынтa жoғaлып бapaды. Интepнeт-pecуpcтapдың әcepiнeн бiздiң хaлыққa жaт, кeйдe тiптi, paдикaлды-экcтpeмиcтiк құндылықтap caнaмызды жaулaп жатады. Coндықтaн қaзipгi уaқыттa қoғaмдық ынтымaқтacтықты қoлдaуғa, ұлтжaндылық ceзiмiн қaлыптacтыpуғa жәнe ұлттық бipeгeйлiктi нығaйтуғa бaғыттaлғaн тapихи жaдымызды жaндaндыpу мәceлeci өзeктi бoлып oтыp. Ocы мәceлeнiң бipдeн-бip шeшiмi – тapихтa iзiн қaлдыpғaн ұлы eciмдepдi үлгi eтiп, хaлық санасын жaңғыpту керек, – деді.
Келесі болып сөз алған кеш қонақтары – «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының сектор меңге­рушісі Бақытжан Кикбаев, аудандық ардагерлер кеңе­сінің мүшелері Сайлаубек Ережепбаев, Әзіреталы Садралиев тақырып аясында салмақты сөз сабақтады.
Кеш соңында қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Ақдана Құрымбаева «Ұлы даланың ұлылары» атты көрмеге библиографиялық шолу жасады.

Гүлбаршын Сейтқазиева,
Жамбыл ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close