Басты бетЖаңалықтар

Бұқаралық спортты дамыту – басты мақсат

Бүгінде Тараз қаласында 557 спорт нысаны жұмыс атқаруда, оның 464-і мемлекеттік, 93-і жекеменшік, 339-ы білім беру мекемелерінде орналасқан, бұл спорт нысандарының жалпы санының 60,9 пайызын құрайды.

Балаларды қорғау күні мерекесіне орай (2) «Қаратау» шағын ауданының №1, 2, 3, 4, 5 үйлердің ауласында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының демеушілік қаражаты есебінен 57,5 млн теңге сомасына, қоршауы бар және жасанды шөп жабындысы бар кіші футбол алаңшасы, көше тренажерлерінен және тартан жабыны бар балалар ойын кешенінен тұратын кешенді аула алаңының құрылысы аяқталды.

2020 жылы қалалық білім бөлімінің қаражаты есебінен №7, 11, 45, 41, 42 орта мектептерінде көлемі 20х40 метр және жасанды төсеніші бар 5 заманауи кіші футбол алаңшалары салынды.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылға 16 спорт нысанын салу жоспарланған болатын, оның ішінде:

73,4 млн теңге сомасына тұрғын үйлердің аулаларында жасанды төсеніші бар 9 заманауи кіші футбол алаңшаларының құрылысы, оның 7-і «Құмшағал», «Шалғай Қарасу», «Қызыл-Абад», «Барысхан», «Көлтоған» алқаптарында, «Мыңбұлақ» және «Аса» шағын аудандарында құрылысы аяқталды.

5,7 млн теңге сомасына «Шалғай Қарасу» алқабында кіші футбол, баскетбол және волейбол бойынша 3 спорт алаңын қайта жаңарту жұмыстары;

35,0 млн теңгеге Пушкин көшесі, №52 мекенжайында орналасқан Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде жазғы спорт алаңын орнату;

912,5 млн теңге сомасына 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу;

200,9 млн теңге сомасына «Ұлан» стадионын, 233,2 млн теңге сомасына теннис корттарын (2 жабық, 4 ашық) қайта қалпына келтіру жұмыстары.

Жыл сайын ойын қақпаларына футбол торлары жаңартылып, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің теңгеріміндегі барлық кіші футбол және әмбебап алаңшалар үшін доптар сатып алынады, көктемгі-күзгі кезеңге арналған жүйелі кестелер бекітіледі, оған сәйкес сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін мектеп жасындағы балалар, сағат 19.00-ден 21.00-ге дейін жастар мен ересектер үшін қолжетімді. Қазіргі уақытта 4667 баланы, жасөспірімдер мен жастарды қамтитын 23 осындай алаң бар.

Тараз қаласында бұқаралық және кәсіби спорт түрлерімен айналысу үшін облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 19 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде:

– 7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;

– 6 кәсіби спорт клубы;

– Олимпиадалық резервті даярлау орталығы;

– спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

– жоғары спорт шеберлігі мектебі;

– дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорт клубы;

– «Тараз-Арена» спорт сарайы;

– спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу жөніндегі облыстық орталық.

Аталған мекемелерде мектеп жасындағы балалар мен жастарды қамту 8761 спортшыны құрайды.

2020 жылы Тараз қаласында тұрғындарды спортпен жүйелі шұғылданумен қамту облыс орталығы тұрғындарының жалпы санының 31,7%-ын немесе 114224 адамды құрайды, оның ішінде:

– мектеп жасындағы балаларды қамту 49% құрайды;

– жастарды қамту – 64,1;%,

– мүмкіндігі шектеулі адамдарды қамту – 11,8%.

Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданумен қамтуды ұлғайту, барлық жастағы және санаттағы халықтың бос уақытын тиімді өткізуді үйлестіру мақсатында Тараз қаласы әкімдігі әрбір округке бекітілген спорт бойынша 11 штаттық әдіскерге 2020 жылғы 1 шілдеден бастап 16250,0 мың теңге бөлді, бұл да саланың дамуына жүйелі мониторингті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 9 кіші футбол алаңдарына 9 нұсқаушы мен 27 күзетші жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді. 2012 жылдан бастап Тараз қаласында мамандандырылған клуб жұмыс атқаруда, онда 234 адам спортпен жүйелі шұғылданумен қамтылған, спорттың 9 түрі (жеңіл атлетика, жүзу, пауэрлифтинг, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, таэквондо, арбамен билеу, еркін күрес) бойынша 10 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Тараз қаласында спорттың 53 түрі, оның ішінде 24 олимпиадалық, 18 олимпиадалық емес және 11 ұлттық спорт түрі (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, бәйге, асық ату, бес тас, ордабасы, құсбегі) дамытылуда.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы №168 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында облыс орталығында 2020 жылы 11677 адамды қамтитын әртүрлі деңгейдегі 31082 спорттық-бұқаралық іс-шара, оның ішінде 8961 адамды қамтитын 56 қалалық іс-шара өткізілді.

Оксана Борисюк, Тараз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close