Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Атаулы әлеуметтік көмек

Атаулы әлеуметтік көмек – тұрмысы төмен азаматтарға және табысы кедейшілік деңгейінен төмен аз қамтылған  отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

Атаулы әлеуметтік көмектің басты бағыты – еңбекке ынталандыру, азаматтардың табыстарын және мемлекеттік қолдау мөлшерін есепке алуға қатысты ашықтық пен әділеттікті қамтамасыз ету.

2020 жылдан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделінің енгізілуіне байланысты табысы кедейлік деңгейінен төмен отбасыларына  тағайындалып, төленуде.

Отбасының әрбір мүшесіне АӘК мөлшері отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен ең төменгі күнкөріс шегінің 70 пайызы арасындағы айырма ретінде анықталады. АӘК тоқсан сайын тағайындалады. Сонымен қатар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған аз қамтылған отбасылардың мектепке дейінгі жастағы балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама, яғни тамақпен, гигиеналық құралдарымен, мектеп жасындағы балалары мектепте тегін ыстық тамақ, мектеп формасы мен оқу құралдарымен қамтамасыз етілуі қарастырылған.

Отбасы мүшесі жұмысқа орналасудан бас тартса, АӘК тағайындалмайды. Еңбекке қабілетті азамат жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда бүкіл отбасы мүшелеріне атаулы әлеуметтік көмек төлемі тоқтатылады. Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін ең басты шарт – отбасының жұмыс істеуге қабілетті мүшесі жұмыс істеуі тиіс және өз отбасы үшін жауапкершілігі бар. Аз қамтылған отбасылардың жұмыссыз азаматтарға бағытталған жұмыспен қамту бағдарламасы аясында АӘК алушыларға бос жұмыс орындары, жеңілдетілген шағын несие, қайтарымсыз грант және жаңа кәсіпті үйрену ұсынылады.

Тараз қаласы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке қаңтар-қазан айларының аралығында 4516 отбасы қайырылып, оның ішінде:

– 3088 отбасына  1млрд  41 млн теңге тағайындалып төленді;

– 1428 отбасына  заң аясында әртүрлі себептермен АӘК тағайындаудан бас тартылды.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама әр ай сайын азық-түлік топтамасы және тоқсанына 1 рет химиялық тауарлар «Magnum Cash&Carry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы берілуде. Жыл басынан  АӘК алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 3273 балаларына 27064 дана азық-түлік топтамасы және 9416 дана тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы  таратылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап АӘК алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы тапсырыс беру жолымен алу қарастырылған.

«Әлеуметтік қызметтер порталында» тапсырыс беру үшін атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың өтініш иелері электрондық цифрлық қолтаңбаны алуы қажет.

 Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша 2266 отбасының өтініш иелері ЭЦҚ ашып, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы ұсыну мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығында, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында пилоттық түрде жұмыс жасау бойынша 21 АӘК алушы азамат тапсырыс беріп, жүйеде қабылданды.

Бұл ретте АӘК алушы тапсырыс беру кезінде aleumet.egov.kz «Әлеуметтік қызметтер порталында» ЭЦҚ-мен тіркеліп, кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы таңдау барысында мекенжайына дейін «Қазпошта» АҚ-ы арқылы тегін жеткізілуін немесе жеткізушінің (поставщик) сайтта көрсетілген мекенжайынан алып кету тәсілін таңдауға құқылы.

Алдағы уақытта портал арқылы КӘТ түрлеріне тапсырыс беру кезінде атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жәрдем көрсетіледі.

Қайсар Сарытай, Тараз қаласы әкімінің орынбасары

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close