Басты бетЖаңалықтарМәдениетСаясатҚоғам

Бағдарламаның шарапатын көруде

Бәйтерек ауылдық округінің тұрғындары «Жұмыспен қамту жол картасы” мемлекеттік бағдарламасының шарапатын көруде. Атап айтқанда, бағдарлама аясында елдімекендер абаттандырылып, жолдары жөнделіп жатса, бір жағынан ауыл азаматтары үшін жаңа жұмыс орындары пайда болды.

Мәселен, “Үшбұлақ” өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан «Барзани» каналына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38,827 млн. теңге бөлініп, аталған жұмыстар қазіргі таңда аяқталу үстінде. Қосақ ауылындағы Астана, Алатау, Нұрлы жол, Қосқұдық және М.Мәметова көшелеріне түнгі жарық орнатылды. Оған 16,0 млн. теңге қаржы жұмсалды. Сарыкемер ауылының 9 көшесіне (К.Орынқұлов, Жиделі, Р.Медеулов, Досымбеков, Үшбұлақ, Ф.Гаджиев көшелері және Сәтпаев, Қ.Рысқұлбеков, Байзақ батыр бұрылыстары) орта жөндеу жұмыстарына 83,121 млн. теңге қарастырылып, жөндеу жұмыстарының аяқталуы күтілуде. Сондай-ақ, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ауласын қоршауға 19,0 млн. теңге, №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің қосалқы футбол алаңын ағымдағы жөндеуге 3,0 млн. теңге жұмсалды.
«Ауыл – ел бесігі» жобасының аясында №2 балалар және жасөспірімдер спорт мектебін жөндеуге 52,0 млн. теңге, Н.Киікбаев мектеп – гимназиясын күрделі жөндеуге 120,5 млн. теңге қаржы қаралып,толығымен игерілді. «Ақылды мектеп» жобасы аясында Н.Киікбаев мектеп-гимназиясына турникет қойылып, кітапхана, асхана және әкімшілік ғимараттары цифрландырылды. Бұдан бөлек, “Сарыкемер – Түймекент” автожолының бойына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атты қазақ» және «Ару қыз» шағын сәулеттік формалары орнатылады.
Жалпы округте 16 243 халық тұрады. Биылғы жылдың 9 айында 184 отбасындағы 1077 адам 53,7 млн. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмекті алды. Демеушілердің тарапынан 383 отбасыға түрлі материалдық көмектер, осал топтағы 4 отбасы 80 000 теңге көлемінде бір реттік қолдау көрсетілді. 1505 отбасыға 22 569 966 теңге көлемінде коммуналдық шығындарға қаржы бөлінді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты бойынша «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша кәсіптік оқуға 2 азамат, қысқа мерзімді оқуға 5 азамат жіберілді. Екінші жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша қайтарымсыз грантқа 77 отбасы қол жеткізсе,төмен пайыздық несие 17 отбасына берілді. Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша бос жұмыс орындарына 296, әлеуметтік жұмыс орнына-20, ақылы қоғамдық жұмыстарға 235, Жастар тәжірибесіне – 89 азамат тартылды.
Округке қарасты 98 шаруа қожалығы тіркелген. Аталған қожалықтардың ішінен биылғы жылы «Нұржан» шаруа қожалығы 1 дана трактор, «Байбосынов» шаруа қожалығы 1 дана трактор, «Халиев» шаруа қожалығы 1 дана комбайн, 1 дана пресс және 1 дана трактор алуға қол жеткізді.
Өткен жылдан бері Сарыкемер ауылына ауыз су жүйесі жүргізілуде. Ауыз су жүйесін әр аулаға кіргізу бойынша тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарды көгілдір отынмен қамту күн тәртібінен түспей отырған мәселе.Қазіргі таңға ауылдық округі бойынша көгілдір отынмен қамтамасыз етуге тұрмысы төмен аз қамтылған отбасылардың ішінде жан басына шаққандағы кірісі күнкөріс деңгейінің 70% төмен отбасылар жоқ. Дегенмен, көгілдір отынмен қамтылмаған, аз қамтылған 5 отбасының құжаттары бойынша зерделеу жүргізіліп, екі отбасы газбен қамтылды, екі отбасы көп пәтерлі үйде тұрғандықтан, құжаттары дайындалу үстінде.
Округке қарасты 2 мектеп-гимназия, 2 орта мектеп және 1 негізгі мектеп бар. Мұнда 4207 оқушы білім алуда. 2 мемлекеттік және 5 жекеменшік бөбекжай балабақшасы жұмыс істейді. Жалпы, округ аумағындағы 31 спорт нысандарында тұрғындардың спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Жыл сайын дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын түрлі жастағы тұрғындардың қатары ұлғайып келеді. Жоспарға сәйкес спорттық шаралар бірінші тоқсанда волейбол, кіші футбол, дойбыдан жарыстар ұйымдастырылды. Шілде айында «Аула ойындары», яғни асық ату, орта доп, арқан тарту, ләңгі жарыстарынан санитарлық нормалар қатаң сақталына отырып, өткізілді. Округ спортшылары Қызыл жұлдыз ауылында аудандық деңгейде болған орта доптан, ләңгі тебуден екінші орынды иеленді.Ауданда ұйымдастырылған «Достық» кубогі бойынша кіші футболдан Сарыкемер мектеп – гимназиясы үшінші орынды, Н.Киікбаев мектеп – гимназиясы екінші орынды жеңіп алды. Волейболдан Н.Киікбаев мектеп – гимназиясы екінші орынды иеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Қазан айында «Біз – діни экстремизм мен терроризмге қарсымыз!» ұранымен асық атудан «Алтын асық» облыстық турнирден Қосақ ауылының тұрғыны Ахатаев Асхат үшінші орынды қанжығасына байлады.
Жеке кәсіпкер Нәби Агалиевтің демеушілігімен, ауыл тұрғындарының атсалысуымен Базарбай ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді, “Асарлатып үй салу” жобасымен Сарыкемер ауылы, Қ.Сәтбаев бұрылысы №2 үйдің тұрғыны, жалғызбасты, екі баланың анасы Насиба Юлдашева баспаналы болды. Қазіргі кезде Қосақ ауылында жаңа мешіттің іргетасы қаланып, қабырғасы өрілуде.
Елдімекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша Сарыкемер ауылының Ж.Байбосынов бұрылысына 1,386 млн. теңгеге көше жарығы орнатылды. ”Теремок” балабақшасы ғимаратының автотұрағын және кірме жолын жөндеуге 4,495 млн. теңге, Ю.Гагарин орта мектебінің аумағына кіші футбол алаңшасын орнатуға 3,007 млн. теңге жұмсалды.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің 3 учаскелік полиция қызметкерінің жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған. Тірек пункті Сарыкемер ауылында орналасқан. Тәртіп сақшылары қажетті құрал-жабдықтар және 2 қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілген. Барлық қызметкерлер Сарыкемер ауылында тұрады.
Округ бойынша ағымдағы жылдың 9 айында 7 қылмыс тіркеліп, ашылу деңгейі 85,5% құрап отыр.
Алдағы жылы Базарбай және Қосақ, Сарыкемер ауылдарының көшелерін орта жөндеуден өткізу, Базарбай ауылының көшелеріне түнгі жарық орнату, көшелерді жарықтандыру, ойын алаңшалары мен стрит-воркаут орнату жоспарда бар. Байзақ ауданына 80-жылдығы саябағын абаттандыруға жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, тиісті ұсыныстар енгізілді. Мұнымен қатар, Базарбай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, қазіргі таңда, мемлекеттік сараптамаға жолданды. 2021 жылға ауыз су жүйесін тарту жоспарлануда.
Үстіміздегі жылы 2 азаматқа айыппұл салынып, бюджетке 111,1 мың теңге түсті.

Қуаныш Жұманов,
Бәйтерек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close