Басты бетЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Жамбыл ауданында 11 жоба жүзеге асырылады

Жамбыл облысы – қай кезде де өзінің өндірістік әлеуетімен танылған өл­ке. Аграрлық  өңірде  асы­раушы саланы алшаң бас­тырып, тұрғындардың тұр­­­­­мысын түзеуде ау­дан­дардың сіңіріп жатқан ең­бегі ұшан-теңіз. Әсіресе, ай­мақпен аттас Жамбыл ауданының жыл ішінде жеткен жетістігі орасан. Оны біз айтпасақ та бұқара көзбен көріп, тындырымды тірлікті бас бармақпен ба­ғалауда.

67,4 миллиард теңгеге 11 жоба жүзеге асады
 Ауданда 10 ай ішінде өнеркәсіп өнімдері 0,3 пайызға артып, 15,6 мил­лиард теңгені құраған. Не­гізгі капиталға салынған ин­вестиция 4,3 миллиард теңгеге өсіп, 25,3 мил­лиард теңгеге жеткен. Енді алдағы уақытта аудан 67,4 миллиард тең­геге 11 жобаны жүзеге асыруды көздеп отыр. Аудан әкімі Сәкен Арубаевтың айтуынша, 1,5 мил­лиард теңгеге «Жамбыл Ет MS» ЖШС мал бордақылау алаңын салса, «Көк­жиек–2030» ЖШС дәл осындай сомаға сүт фермасының құрылысын жүргізеді екен. Ал «Алель Агро» ЖШС 2,5 миллиард теңгеге құс фабрикасының кірпішін қаламақ. Бұдан бөлек, Good Look ЖШС сүт тауарлы фермасының (2,5 млрд теңге), «Денвер-Т» ЖШС жылыжай кешенінің (2,5 млрд теңге), «Аса-Даму» ЖШС құс фабрикасының 4 корпусының (150-180 млн теңге), «КазФос» ЖШС натрид гек­саметофосфатын өндіретін желісін (2 млрд теңге), «Тараз» ӘКК және «Далаагро» ЖШС жылыжай кешенінің (15 млрд теңге), Shell ЖШС күн электростансасының (20 млрд теңге), «Тараз Мұнай Өнімдері» ЖШС сұйытылған газ шығаратын зауыт құрылысын (20 млрд теңге) және Super pharm ЖШС бірреттік медициналық шприцтер шыға­ратын 3 корпус құрылысын (1,2 млрд теңге) жандандырмақ.
«Қарапайым заттар эконо­ми­касы» аясында 1,8 миллиард теңгеге 23 жоба қаржыландырылып, бұдан бөлек 105 миллион теңгеге 3 жоба қаралу үстінде.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close