Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

100 БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Қазіргі кезде әлемді дүрліктірген коронавирус індетінің беті қайтқандай көрінгенімен, айтып ауыз жимай жатып-ақ, өңірімізге суық келісімен аты жаман індет бірге ілесе келгендей әсер қалдырып отыр. Еліміздің бірнеше өңіріне бұл індет бір ай бұрын есік сығаласа, біздің облысымыздың табалдырығынан да аттай бастаған тәрізді. Оған жауапты мамандардың бас­пасөз беттерінде жарияланған дәйекті деректері дәлел.
Оны қайталаудың еш маңызы жоқ шығар. Қайта, осы жолда атқарылып жатқан алдын алу шараларын айту маңыздырақ. Бұл тұрғыда медицина мекемелері қызметкерлерінің кеселдің алдын алудағы жұмысы екінші толқынға сақадай екендігін көрсетеді. Мұндағы жауапты қызметкерлердің айтуынша, барлық жағдай жасалған.
Бұл аурухана, емхана ішіндегі әзірлік десек, ауылдарда, көшелерде, мекемелердегі ахуал қандай? Ондағы жауапты мамандар алдын алу жұмысын қаншалықты жүргізіп жатыр? Бұл ой қайда бармайық көңілімізде тұрақтап қалғандай.
Өткен жұма күні Жалпақтөбе ауылына жолымыз түскен. Жолда бізді жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатып, көлікте отырған төртеумізге бір-бірден бірреттік бетперде ұстатып, «жолдарыңыз болсын, ауырмаңыздар» деген тілектерін де жеткізді. Біз оларға риза көңіл таныттық.
Кейін ауыл әкімі Ержан Данаевтан білгеніміздей «Жақыныңа жанашыр бол!» деген, ауылдағы ардагерлер кеңесінің хатшысы, АПБ ардагерлер кеңесінің мүшесі, полиция ардагері, ауданның Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиевтің бастамасымен жолға шыққан АПБ-нің аға учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Нұржан Жұмағұлов, полиция капитаны Ербол Аманбаев ауылдың бірнеше көшесін аралап, тұрғындарға ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізген. Олар кездескен тұрғындарға бетперде де ұсынған. Полиция ардагері басшылық еткен топ сол күні 100 адамға тегін бетперде таратып берген.

Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Тексеру

Close
Close
Close