Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғамӘлеумет

Жамбылдық шаруалар пилоттық жобаның шарапатын көрді

«Жамбыл облысы тұрғын­да­рының тұрмыстық табысын жақ­сарту» пилоттық жобасының ша­ра­патын аудан шаруалары мо­лынан көріп жатыр. Жобаға таң­далған Бесағаш ауылдық округінде 5 бағыт бойынша 280 өтінімге 1,0 миллиард теңге бөлініп, толы­ғымен игерілген.
Жекелей айтсақ, үй іргесіндегі жерді игеру бойынша 1 117 аула­ның 155 гектар жеріне 13,3 мил­лион тең­­геге  тұқым  және  мине­ралды тыңайт­қыш алуға несие бе­­рілген. Со­нымен қатар 16,8 мил­­лион теңгеге 2 жы­лыжайдың құрылысы жүрген.
Екінші бағыт – мал шаруашы­лығын дамыту бойынша 276 аза­мат 860 миллион теңгеге 4 760 бас мал мен құс алған. Оның 268 басы сауын сиыр болса, 360 бас бұ­қашық, 1 443 бас қой, 1 289 бас жыл­қы және 1 400 бас күр­ке­тауық.
Ауыл сыртындағы жерлерді тиім­ді пайдалану бағытына келсек, 1 335 гектар жерге (117 ша­руа­­шы­лық) мал азығын дайын­дау үшін тұқым және минералды тыңайт­қыштар 38,8 миллион тең­геге алын­ған.
Төртінші бағыт бойынша «Іске Сәт» кооперативі құрылып, 100,1 мил­лион теңгеге 22 техника алып отыр.
Бесінші бағыт шеңберінде 1,8  миллион теңгеге 1 кондитерлік цехтың жобасы ұсынылып, іске асырылған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close