Басты бетЖаңалықтарКәсіпкерлік және өнеркәсіпҚоғам
Жамбыл ауданында 77 жылыжай жұмыс істеуде

Ауыл шаруашылығы саласына келсек, ауданда өндіріс орындарының ұлғаюымен қатар дала еңбеккерлерінің табысы артқан. Есепті кезеңде өндірілген өнім көлемі 38,9 миллиард теңгені құрап, 5,7 миллиард теңгеге өсіп отыр.
Бұдан бөлек, қысы-жазы көкөніс өндіретін жылыжайдың да саны көбеюде. Атап айтсақ, биыл 7 елді мекенде 77 жылыжай жұмыс істеп, 3,3 гектарға қызанақ, 13,1 гектарға қияр және 0,5 гектарға өзге де дақылдар еккен. Нәтижесінде, 1-2 айналымда 400 тонна қызанақ, 1 487 тонна қияр және 49,6 тонна басқа да дақылдар жиналған.
«Қазсушар» мекемесі жобасы шеңберінде «ПУИИД-2» (3,6 млрд теңге) және «Еуропалық даму банкі» (7,4 млрд теңге) арқылы 553 шақырымды құрайтын 69 каналды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Аталған каналдар 14 556 гектар алқапты суландырмақ.
Ғарыштық түсіріліммен игерусіз жатқан 3 327 гектар жер мемлекет қорына алынып, 9 696 гектар конкурс арқылы қайта айналымға қосылған. Сонымен қатар биыл 10 айда 287,9 миллион теңгеге 71 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі