Басты бетЖаңалықтарҚоғам

Мемлекеттік бағдарламалар мінсіз орындалуда

Жалпы, Жамбыл ауданында жыл ішіндегі жетістіктен бөлек, алдағы 5 жылдыққа бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жоспары да көңіл қуантады. Мәселен, «Өңірлерді дамытудың 2025 жылдарға арналған» бағдар­ламасы аясында 246,3 мил­лион теңгеге 1 жоба іске асырылмақ. Аталған жоба Шоқай ауылын сумен қамтитын болады.
Ал «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Өрнек-Тоғызтарау-Жаңа­өткел жолы 94,4 миллион теңгеге жөндеуден өтсе, «Жұмыспен қамту­дың жол картасы» бағдар­ламасымен 5,5 миллиард теңгеге 96 жоба іске асырылуда. Жобалар 922 адамды жұмыспен қамтиды деп күтіліп отыр. 99 жобаның ішінде білім саласы, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, ауызсу, газ, жол мен көпір жөндеу, абаттандыру, жарық­тандыру мен канал құры­лысы да бар.

«Ауыл – ел бесігі» жобасына келсек, 11 нысанға 634,2 миллион теңге бөлініп, жұмыспен қамту орталығы арқылы 11 адам жұмысқа орналастырылған. Жалпы, биыл жұмыспен қамту мекемесінде жұ­мыссыз ретінде тізімде тұрған аза­маттарды құрылысқа тарту ерек­ше қарқын алғанын айта кеткен жөн. Олардың күшімен есепті кезеңде мектеп, мәдениет үйі, әмбебап спорт кешенінің құрылысы мен 5 ауылдағы 8 ауылішілік кө­шелер жөн­делгені жағымды жаңа­лық. Мұндай баста­маға құры­лысқа жауапты мерді­герлердің қолдау біл­­діріп отырғаны қандай мақтауға да лайық.
«Аумақтарды дамыту» бағдар­ламасына тоқталсақ, биыл ауданда 569,4 миллион теңгеге 1 жоба іске асырылмақ. Ол – Түрксіб ауы­лындағы 300 орындық мектеп құрылысы.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, 10 айда барлығы 619,9 миллион тең­геге 46 жоба жүзеге асқан.
«Еңбек» бағдарламасының елге тигізіп жатқан пайдасы орасан. Биыл бұл бағытта 1,6 миллиард теңгеге 2 723 адамды жұмыспен қам­ту жоспарланса, есепті кезеңде 3 073 адам еңбекке тартылып, жоспар 112,8 пайызға артығымен орын­далып отыр.
Жекелей айтсақ, бағдарламанын бірінші бағыты аясында 43,4 мил­лион теңгеге 160 адамды кәсіптік оқытудан өткізу көзделсе, бүгінде 170 адам мерзімді оқу курсына жол­данған.
Екінші бағыт – жаппай кәсіп­керлікті дамытуда 156 жұмыс­сыз азаматқа 627,6 миллион теңге несие және 1 025 адамға 569 миллион теңге көлемінде жаңа бизнес идея­ларды іске асыру гранты тағайын­далса, 10 айда 157 адамға 631,4 миллион теңге несие беріліп, 1 025 азаматқа 569 миллион теңгелік мем­лекеттік грант үлестірілген. Сондай-ақ «Бастау бизнес» шең­берінде 370 адамды оқыту жылдық жоспарға енгізілсе, мұнда да жоспар артығымен орын­далып, 373 адам оқудан өткен.
«Еңбек» мемлекеттік бағдар­ламасының үшінші бағыты, яғни жоғарыда атап өткеніміздей жұ­мыс­сыз ретінде тіркеуде тұр­ғандарды құрылысқа тарту жүйелі жалғасын тапқан. Жыл ішінде 363,1 миллион теңгеге 1 012 адамды жұ­мыспен қам­­ту жоспарланса, есепті кезеңде нақ­­ты 1 348 адам жұмыс істеп жатыр.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close