Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Әлеуметтің әлеуеті артуда

Әлеуметтің әлеуетін арттыру – бүгінгі күннің басты ұстанымы. Сондықтан тұрғындарға жергілікті билік тарапынан барынша көмек көрсетілді. Ауданда жыл ішінде мемлекеттік сақтандыру қорынан жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 37 816 адамға 42 500 теңгеден төленген. Сондай-ақ 7 071 тұрғынның 212,1 миллион теңге көлеміндегі коммуналдық төлем­дері жабылған. Бұдан бөлек, 1 130 отбасына 393,9 миллион теңге атау­лы әлеуметтік көмек берілген.
Есепті кезеңде 4 771 адам жұ­мыспен қамтылып, жұмыс­сыздық деңгейі 4,5 пайызды құраған.
Аудандағы 38 білім беру меке­месінің 25-і типтік, 13-і ыңғай­ластырылған ғимаратқа ор­налас­­тырылған десек, биыл Жам­был ауылынан 100 орындық мек­тептің құрылысы жанданған. Одан бө­лек, Шоқай ауылынан 150 орын­дық және Айша бибі орта мек­тебіндегі үш ауысымды оқы­тудың алдын алу үшін 300 орын­дық мек­теп құры­­лысына тиісті құжат­тар әзірленуде.
Биыл 10 орта мек­тепте жөндеу жұмыс­тары жүргізілсе, бар­лық білім беру мекемелеріне ішкі дәретхана, интернет желісі және бейнебақылау камерасы орна­тылған. 17 мектеп робо­то­техни­камен жа­рақтанған.
Ауданда 1-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі қамту көрсеткіші 88,5 пайызды құраса, 3-6 жас аралы­ғындағы көрсеткіш 100 пайызды діттеп тұр.
Денсаулық сақтау саласына келсек, 36 мекеменің 19-ы ыңғай­ластырылған немесе жапсарлас ғи­маратта орналастырылған. Соң­ғы 2 жылда 8 ауылда медицина ме­ке­мелері жаңа ғимаратқа кө­шірілген.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close