Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Ұлт саулығы маңызды

Дүниені дүрбелеңге салған коронавирус дертінің таралуына тосқауыл қою мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған шұғыл топ мүшелері бүгін «Ас-Ер» мал базарына барып, тұрғындарға сақтық шараларына атүсті қарамау керектігін тағы бір мәрте құлағдар етті.
Құрамында аудан әкімнің орынбасары Олжас Баққараев, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Махамбет Рахымжанов және жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасының мамандары бар топ бетпердесіз жүрген азаматтарға жолығып, санитарлық-гигеналық талаптарға бей-жай қарамауды, қалтаның қамынан бұрын ұлт саулығына алаң күй кешуді, мемлекетіміз бен дәрігерлердің қабылдаған шаралары мен нұсқаулықтарын қатаң сақтаудытілге тиек етті.
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Елебекұлы базар әкімшілігіне дене қызуын өлшейтін құрылғының істен шыққанын, тұрғындарға ұсынатын бетперделер қорының жеткіліксіз екенін ескертсе, тәртіп сақшылары бетпердесіз жүрген 6 азаматтан түсініктеме алды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close