Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Мереке қарсаңында Жамбыл ауданында 4 отбасы баспаналы болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы барлық ауданда жүзеге асырылып жатқанына мінекей, жарты жылдың жүзі болды.


Жаңа жоба жүректе жасырылған тылсым қасиеттердің төбе көрсетуіне, ықылым заманнан бері қазақтың әдет-ғұрпында өзіндік орны бар бағасыз құндылықтарға қайта соқа салды. Қамқорлық – қараңғылықтың түндігін серпіп ашар нұр екенін тағы бір мәрте дәлелдей түскен бастамаға үн қосып, қолдау білдірушілердің қатары көп. Нәтижесінде, облыс көлемінде 120-ға жуық тұрғын үй желтоқсанның соңына дейін пайдалануға беріледі екен. Көптің демеуімен еңсе тіктеген баспананы алып қарайтын болсақ, аядай ауыл пайда болғанын аңғару қиын емес.

Жақсылықтың жаршысына айналған қайырлы істе Жамбыл ауданыда шет қалмады. 17 округі бар өңірде 17 қоныстың құрылысы басталып, бүгінде басымкөпшілігі қоянқаштыға таяп қалды. Оның екеуі Айшабибі және Ерназар ауылдарында пайдалануға берілген болса, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында тағы 4 үйдің кілті мұқтаж отбасыларға табыс етілді.
ҺАйтулы мерекеге орай ащыбұлақтықтардың шаттығына ортақтасуға келген аудан әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Қыдыралыұлы мен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков таразыда салмағы ауыр садақаға атсалып, көмек көрсеткен азаматтарға алғыс айтудан бастады.
– Баспана бақыты – отбасы үшін мереке. Бүгін Ащыбұлақ ауылында бауырынан шиеттей 6 бала өрбіген ананың қуанышына жиылып отырмыз. Осы баспана келешекте қарашағыраққа айналып, үйдің іші жақсылыққа толсын. Ізгі іске із қалдырған барша кәсіпкерлер мен қолы ашық азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін, – деді Ерлан Қыдыралыұлы. Басшы сөзін жалғаған «Сәтбай ата» мешітінің имамы Тұрғынбек қажы Оңғарбаев құран түсіріп, ақ жол тілеп, батасын берді.
Округ әкімі Самат Селеубаев 5 бөлмелі бар үйге инфрақұрылымдық жүйелер тартылғанын, халықтың жаппай қолдауының арқасында 9 млн жуық қаржы жиналғанын тілге тиек етті.


Мұнан соң аудан басшылары Тастөбе ауылындағы баспанамен сүйіншіленетін отбасымен жолығып, айтулы мерекемен қатар келген қуанышпен құттықтап, емен-жарқын әңгімелесті. Барлық ризашылыққа ауыл тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлер ие, – дейді округ әкімі Асылбек Қонаров.


Бұдан бөлек айтулы мереке күні аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов Пригородный және Қызылқайнар ауылындағы баспананың кілтін отбасыға табыс етіп, қуанышына ортақтасты.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close