Басты бетЖаңалықтарМәдениетСпортҚоғам

Еселі еңбек – елге ортақ

Мемлекеттік бағдарламалар аясында тындырымды тірліктер атқарылып жатқан елді мекендердің бірі – Жаңатұрмыс ауылдық округі.

Аудан орталығынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан бұл округке Көкбастау, Тегістік, Төрегелді, Жібек жолы, Қайнар, Жаңатұрмыс, Ақшолақ енеді.
Округтегі егіс алқабының көлемі – 5123 гектар жерді құраса, оның суармалы – 2320 гектар, тәлімдік жер – 2803 гектар. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы егіс көлемі 4985 гектарға, яғни, 27 гектарға артты. Егістік жерді әртараптандыру мақсатында дәндік дақылдар – 1707 гектар, көкөніс пен бақша – 1281 гектар жерге орналастырылды.
Елді мекенде 196 шаруа қожалығы, 16 жеке кәсіпкер тіркелген. Шаруа қожалықтардың дені ірі қара мен ұсақ малды көбейтуді қолға алған. Мәселен, «Бақытжан-16», «Ниет» және «Айдос» шаруа қожалықтары сауын сиырларын алып, сүт өнімдерін «Лесняк» жеке кәсіпкерге және жеке тұлғаларға өткізуде. «Байымбет баба» шаруа қожалығы 3 мың басқа арналған бордақылау алаңын іске қосып, ет өнімдерін дүкендер мен базарларға өткізуде.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға заманауи техникалардың маңызы зор. Кейінгі жылдары 21 трактор, 11 комбайн, 31 аспалы жабдықтар алуға қол жеткізілді.
Округте 11 су шаруашылық нысандарының 3-і республикалық, 7-і аудандық «Қазсушар» кәсіпорнының теңгерімінде, ал, 1-і ауылдық округтің теңгерімінде. Шаруа қожалықтар жерінің басым бөлігі «МР-3», «МР-4» және «Сәмбет» каналдарының бойында орналасқан. Сондай-ақ, «Р-31», «Р-39», «Р-41», «Р-43», «Р-45», «6-р-9» және «Выдел боковой» ішкі шаруашылық каналдары бар. Биылғы жылы Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруымен республикалық «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны арқылы қаражат бөлініп «Сәмбет» және «Р-23» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы 550 гектар жерге су жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін қосымша 9 («МР-3», «МР-4», «Р-31», «Р-39», «Р-41», «Р-43», «Р-45», «6-р-9, «Выдел боковой») каналдарға Еуразиялық даму банкінің қаржыладыруымен республикалық «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны арқылы 1 млрд. 769.9 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы 11 канал толығымен жаңғыртудан өткізілетін болады.
«Р-23» каналын тазарту жұмыстарына 1 млн. 68 мың теңге, Көкбастау ауылындағы әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге 7,1 млн. теңге, Жаңатұрмыс ауылындағы «Қажымұқан» көшесінің орта жөндеу жұмыстарына 15 млн. теңге бөлініп, тиісінше жұмыстар атқарылды.
Түнгі жарықпен қамту да маңызды мәселе болып табылады. Көкбастау ауылындағы «Ә.Жұматаев», «І.Шалбаев», «Айжігітов» көшелеріне (8,6 млн. теңгеге), Ақшолақ ауылындағы «Т.Сапарбаев» көшесіне (5,6 млн. теңгеге) толығымен түнгі жарықпен қамтылды. Мұнан бөлек, Көкбастау, Жаңатұрмыс және Ақшолақ ауылдарында жалпы 26,3 млн. теңгеге кіші футбол алаңдары салынып, тұрғындар игілігіне берілді.
Ауыз сумен қамту – күн тәртібінде тұрған мәселе. Жаңатұрмыс ауылына ауыз су құбырын тартуға республикалық бюджеттен 426 млн. 456 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнде жұмыстар атқарылуда. Көкбастау ауылында 90 орындық клуб (республикалық бюджеттен 96 млн. 211 мың теңгеге) салынуда.
Жалпы, ауылдық округте 4 140 халық тұрады. Үстіміздегі жылдың 11 айында округтегі тұрмыс жағдайы төмен 58 отбасындағы 367 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 54 отбасыға шартты, 4-іне шартсыз төленіп отыр. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда АӘК алушылар 89 отбасыға азайды.
Еліміздің ертеңі-жастар. Ауыл жастарының, еріктілер мен кәсіпкерлердің қолдауымен көмекті қажет ететін отбасыларға қайырымдылық шаралары көрсетіліп тұрады. 7 отбасыға газ кіргізуге 80 мың теңге, балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтуға 4 отбасыға 40 мың теңгеден бір реттік әлеуметтік көмектер берілді. Аз қамтылған 22 отбасыға және 2 жайсыз отбасыға азық-түлік өнімдері таратылса, аз қамтылған, мүгедек баласы бар және көп балалы 167 отбасы киім-кешекпен қамтылды. Халықаралық қарттар күніне және Мүгедектер күніне орай округтегі 2 жалғызілікті қарттарға тұрмыстық қажетті заттар, азық-түлік өнімдері, ал, 6 мүгедек балаға киім-кешек табыс етілді.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 41 адам қабылданды. Жастар практикасымен арнаулы және жоғары білімді 4 жас маман жұмысқа тартылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 36 адам жіберілді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында елімізде Төтенше жағдай жариялануына байланысты округтегі 315 адамға 15 мың теңге, 53 адамға 50 мың теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік қолдау көрсетілді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 13 азамат, жалпы 47,1 млн. теңге несие, 12 азамат қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, мал шаруашылығы бағытын дамытуда.
«Темір жол Су-Шу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің су мұнарасынан Ақшолақ ауылының 32 ауласы (тұрғындардың өз қаражаты есебінен 2,2 млн. теңге) су жүйесіне қосылды. Жібек жолы ауылындағы №5 орта мектебінің жылыту қазандығы жапсарласа орналасуына байланысты биылғы жылы облыстық бюджеттен 17,2 млн. теңгеге жаңа модульді қазандық орнатылды.

Асқар ПРМАНОВ,
Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close