Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Балаларға қуаныш сыйлады

Қайырымдылық шараларын кең өрістетіп, қоғамдағы мұқтаж отбасыларға, аз қамтылған топтарға көмек көрсету барша қазаққа тән қасиет екені айтпаса да түсінікті.

Осы міндет аясында Полатқосшы ауылдық ақсақалдар кеңесінің хатшысы, АПБ ардагерлер кеңесінің мүшесі, ауданның Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев бастаған Раззақбай Аманбеков, Нұрсейіт Әлімқұлов сынды байырғы сақшы саласының майталмандары Жамбыл ауданының «Оңалту орталығындағы» балаларға қайырымдылық жасады.
Мұнда орталықтағы бүлдіршіндерге тәтті жеміс-жидектер мен бетперделер ұсынды. Ардагерлер тарапынан жасалған қайырымдылыққа балалар да разы болып, бір сәт серпіліп, қуанып қалды. Мекеме басшысының міндетін атқарушы Бота Құлдасованың айтуынша, қазіргі кезде орталықта 30 бала емделуде. Олардың көбі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққандықтан, қамқорлыққа мұқтаж. Әрине, ондағы балаларды көру оңай емес. Бірақ біз оларға барып, көңіл бөліп, жанжылуымызды аямауымыз қажет. Жылы сөз дертке дауа екенін ұмытпайық.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close