Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

Саулық – сақтықта

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – халықтың талап-тілегін назарға алу, шешілу жолдарына жедел әрекет ету, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне қарай толымды жауап қайтару.

Жолдау жүктеген міндеттер Жамбыл ауданында да жүйелі жолға қойылған десек, облыс көлемінде бастау алған «Әкім сағаты» жобасы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың қатысуымен тікелей эфирде 15 мәрте жалауын көтерді. Халықпен етене байланыс орнату мақсатында қолға алынған бастамада халықтар түрлі сауалдарын аудан басшысына тікелей қойып, жауаптар алды.
Бұдан бөлек әлеуметтік желіге келіп түскен сұрақтарға орай зерделеу жұмыстары да жасалуда

Міне осы бағытта жұмыстар бүгінде жалғасын тапты. Жамбыл ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы «Facebook» желісінде аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсел Сапахованың қатысуымен «Саулық – сақтықта» тақырыбында тікелей көрсетілімі өтті.

Эфирде ауданымыздағы дүниені дүрліктірген дерттің бүгінгі ахуалы мен төсек орындар саны, дәрі-дәрмек қоры, рейдттік шаралар айтылып, желі қолданушыларынан түскен сауалдарға тұщымды жауап қайтарылды.

Тікелей эфирге қысқаша тоқталар болсақ, 2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша аудан аумағында жалпы COVID-19 індетінің 229 жағдайы, (100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 0,229 пайыз) пневмонияның 18 жағдайы тіркелген. Өткен тәулікте КВИ жағдайы тіркелмеген, пневмония 3 жағдай тіркелді.
Тіркелген жағдайлардың ішінде 108 науқас симптоммен (47,1%), 121 науқас симптомсыз(52,8%). 208 азамат сауығып шықса, 3 емделуде, 3 үй карантинінде.
КВИ аймақтар бөлінісінде: Жалпақтөбе – 36, Айшабибі – 10, Түрксіб – 22, Бектөбе – 18, Аса – 28, Шайқорық – 29, Қаракемер ауылы -6, Гродеково – 11, Ақбұлым – 26, Пригород – 19, Ащыбұлақ -4, Тоғызтарау-2, Бірлесу Еңбек – 5, Қызылқайнар-10, басқа облыс тұрғындары арасынан 3 жағдай тіркелді.
Пневмония аймақтар бөлінісінде: (Ақбастау-3, Аса,-2, Жалппақтөбе-7, Қарасу-1, Бектөбе-2, Шайқорық-1, Айшабибі 1, Қарой 1) жалпы 18 жағдай тіркелді.
Эпидемиологиялық тексеру барысында науқас тұлғалармен қатынаста болған 895 тұлға анықталды. Оның ішінде 851 жақын қатынаста, 54 потенциалды қатынаста болғандар. Қатынаста болған 870 тұлға қадағалау уақытының аяқталуына байланысты бақылаудан шығарылса, қалған тұлғалармен қаулыға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
Аудандық орталық аурухана бойынша. Стратегиялық жоспарға сәйкес пандемияның қайта қылаң беруіне 50 төсек-орын қарастыру және 83 медициналық қызметкерді жұмылдыру жоспарлануда.
Аудандық ауруханада қабылдау бөлімі 2 блокка бөлінген.
(№1 –блок COVID-19 белгілері жоқ және жоспарлы аурулар, №2- блок фильтр COVID-19 белгілері бар балалар, жүкті әйелдер және ересектерді қабылдайды).
Фильтр блогы 3 кислородтық концентратор, реанимация бөлімінде індетке қарсы 6 төсек қоры резервте тұр.
АОА 2 цифрлы рентген аппараты, 1 КЩС анализаторы, 5 көп фукнционалды кереует, төсек қасындағы монитор-5, инфузиамат-2, шприцевой дозатор-2, пульсоксиметр -54.
Аудандық ауруханасында кислородтық магистралі өткізіліп, 23 нүкте іске қосылды.
COVID-19 инфекциясына полимеразды тізбекті реакция (ПТР) жүргізу арқылы тестілеу 3 зертханада өткізіледі.
(«Ұлттық сараптама орталығы», «Олимп» зертханасы, «СПИД» орталығы).
Жансақтау бөлімінде 6 төсек қойылған, 8 –ИВЛ аппараты бар.
Сонымен қатар 5 дәрігер, 5 медбике,1 анестезиолог, 2 бригада шұғыл көмек резервіне қойылған.
Барлық емдеу мекемесінде алғашқы көмек көрсетуге арналған фильтр бар (оқшауланған бөлмелер).
Аурухана тарапынан құрылған мобильдік 14 топқа ауылдық оругтер тарапынан 10 қызметтік автокөліктері бекітілді (Аса-3, Қызылқайнар-1, Пригородное-1, Полатқосшы-2, Түрксіб-1, Айшабибі-1, Шайқорық-1).
Жалпы пандемияға қарсы шараларды күшейту бойынша 75 медицина қызметкерлері оқытылды, 6 дәрігер оқытушы сертификатын алып, каскадты тәсілмен 192 медицина қызметкерлерін оқытты.
Дәрі – дәрмек
«СК – Фармация» ЖШС-не 2021 жылға коронавирустық инфекцияны емдеуге арналған дәрі – дәрмектердің 125 түріне жалпы соммасы 28 млрд. 376 млн. 310 мың теңгеге сұраныс берілді.
Жамбыл ауданы бойынша ағымдағы жылдың 3 желтоқсанына мониторингтік топтар тарапынан 158 рейд жүргізіліп, 768 нысан қамтылды, рейд барысында 57 хаттама толтырылды.
Оның ішінде; 26 айыппұл (соммасы – 4 478 136 теңге) салынып, 2 944 680 теңге өндірілді (9 жеке кәсіпкер, 17 жеке тұлғалар).
«Ас-ЕР» мал базары мен автокөлік базарынан аудандық полиция бөлімінен 18 материал келіп, 7 материал қаралып, ҚР ӘҚБтК 426 бабының 1 бөлігімен айыппұл салынды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close