Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында тағы бір баспана асарлатып салынуда

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы барлық ауданда жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа жоба жүректе жасырылған тылсым қасиеттердің жарқырап көрінуіне, ықылым заманнан бері қазақтың әдет-ғұрпында өзіндік орны бар бағасыз құндылықтарға қайта соқа салды. Қамқорлық – қараңғылықтың түндігін серпіп ашар нұр екенін тағы бір мәрте дәлелдей түскен бастамаға үн қосып, қолдау білдірушілердің қатары көп. Нәтижесінде, облыс көлемінде 120-ға жуық тұрғын үй желтоқсанның соңына дейін пайдалануға берілмек.
Көптің демеуімен еңсе тіктеген баспананы алып қарайтын болсақ, аядай ауыл пайда болғанын аңғару қиын емес.
Назарларыңызда қаратөбеліктердің асарлатып салған баспанасы.

  • Аз ғана уақыт аралығында әсем үлгідегі баспананың бой көтеруіне жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының арқасы. Бүгінде айналасын қоршап, шатырын жауып, терезелерін орнатты. Барлық алғысты ұйымшылдықтың ерең үлгісін көрсеткен тұрғындарға айтамын, – дейді ауыл әкімі Қайрат Жатқанбаев.
    Алдағы айтулы мерекеге орай баспана кілтін табыс етуді көздеген көпшіліктің ісіне береке жолдас болғаны даусыз.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close