Басты бетЖаңалықтарРуханиятӘдебиет

Таразда Абай атындағы мектепте ақын бюсті ашылды

14 желтоқсан күні Тараздағы Абай атындағы 26 орта мектепте ақын бюстінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Салтанатты рәсім қала әкімі Айтқазы Қарабалаевтың құттықтау сөзімен басталды. Мәдени жиынға қалалық білім бөлімінің басшысы С.Есеев және Жамбыл облысы Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Д. Ермеков пен басқа да мәртебелі меймандар қатысты.

Мерекелік жиында Абай Құнанбайұлының «Май түні» күйі тартылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close