Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда Халықты жұмыспен қамту орталығының тағы бір бөлімі ашылды

14 желтоқсанда Тараз қаласы әкімдігінің 11 аумағындағы Байтұрсынова, №1, «Құмшағал» шағынауданында Тараз қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» бөлімі салтанатты түрде ашылды. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 02 қыркүйектегі №152 Жарлығына сәйкес, «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Құмшағал» шағын ауданында бөлімінің ашылу мақсаты: «Құмшағал» шағын ауданына 7 шағын аудан мен 28 саяжайлары 18000-ға жуық халқы бар.
Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – Тараз қаласының жұмыспен қамту қызметі «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» Еңбек бағдарламасы бойынша – халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту. Бұл бағдарлама 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олар: Мемлекеттік әлеуметтік көмек тағайындау, Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы аңықтама беру, Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдамалар беру, мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Жоғарыда аталған «Еңбек» бағдарламасы ІІІ бағыт бойынша іске асырылады.
І-ші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету;
ІІ-ші бағыт: Жаппай кәсіпкерлікті дамыту;
ІІІ-ші бағыт: Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
Сонымен қатар, «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы-еңбек нарығының біріңғай ақпараттық базасы бойынша қызмет алушылардың құжаттары қабылданады.
Сондай ақ, ашылған Жұмыспен қамту орталығы бөлімінің өзіне-өзі қызмет көрсету «SMART орталығы» зонасында азаматтардың мемлекеттік қызметтерді толыққанды алуын қамтамасыз ету мақсатында, egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілетін барлық электрондық қызмет түрлерін алуға жүгінген тұтынушыларға кеңестер беріліп, электронды еңбек биржасына кіру мүмкіндік бар.
Бұл өз кезегінде, «Құмшағал» шағын ауданының тұрғындарына мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн режимінде пайдалануға қолжетімділік береді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close