Басты бетЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Әлеуметтік жобалар – іс жүзінде

Жыл өткен сайын жасарып, өсіп – өркендеп келе жатқан елді мекеннің бірі әрі бірегейі – Бурыл ауылдық округі.

Бурыл және Құмжота елді мекендерін біріктіріп отырған ауылдық округте 2 193 аулада 13 343 тұрғын болса, олардың қырық пайызын жастар құрап отыр. Ауылда 3 мектеп, 6 балабақша, 1 ауылдық амбулатория қызмет көрсетуде. Ауылда жалпы 33 көше болса, оның 14 көшесі түнгі жарықпен қамтамасыз етілген.
Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға бөлінген қаржы көлемі артып отыр. Нәтижесінде биылғы жылы ауылдық округ аумағындағы көшелер ағымдағы және орта жөндеуден өткізіліп, көпірлер ретке келтіріліп, бірқатар нысандарға электр желісімен жабдықтау және түнгі жарық орнату жоспарланды. Сонымен бірге, абаттандыру жұмыстары қолға алынып, каналдар ретке келтірілді.
Биыл Бурыл мен Құмжота ауылындағы көшелерді ағымды жөндеу жұмыстарына барлығы 122 миллион 132,2 мың теңге бөлінді. Осы қомақты қаржыға ұзындығы 7,025 шақырымды құрайтын (құны – 19 316,0 мың теңге) «Арай» тұрғынжай иіні, 7,825 шақырымдық «Нұр» тұрғынжай иіні мен 1,390 шақырымдық «1- бұрылыс Битаева» мен «Даңғыл ата» (құны – 33 880,0 мың теңге) бұрылысы, ұзындығы 4,5 шақырымдық (құны – 20 000,0 мың теңге) «Байзақ датқа» тұрғынжай иіні, ұзындығы 3,5 шақырым (құны – 9 786,0 мың теңге) «9 мамыр» тұрғынжай иіні, ұзындығы 1,750 шақырым (құны – 1 316,1 мың теңге) «Кіші Бурыл» тұрғынжай иініндегі 1, 2 және 3 бұрылыс, ұзындығы 2,160 шақырым (құны – 6 804,0 мың теңге) «Белқожа» тұрғынжай иіні, ұзындығы 2,6 шақырым (құны – 13 604,0 мың теңге) «Көктем-2» тұрғынжай иініне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағал тас төселеді. Осындай ағымды жөндеуден «С.Зауырбек», «9 мамыр», «Белқожа» көшелері өткізілетін болады. Құмжота және Бурыл ауылдарындағы көшелерді орта жөндеу жұмыстарына 140 миллион 043,7 мың теңге бөлінген. Оған «Бөбек ата» (ұзындығы – 1,280 шақырым, құны – 21 233,0 мың теңге), «М.Әуезов» (ұзындығы – 1,172 шақырым, құны – 17 049,0 мың теңге), «Жолдыбай ата» (ұзындығы – 1,230 шақырым, құны – 16 443,3 мың теңге), «Альмурза» (ұзындығы – 0,729 шақырым, құны – 11 472,0 мың теңге), «Айтжанова» (ұзындығы – 0,568 шақырым, құны – 9 036,0 мың теңге), «Қалматаева» (ұзындығы – 0,519 шақырым, құны – 8 703,0 мың теңге), «Жайдарбек» (ұзындығы – 2,730 шақырым, құны – 53 091,4 мың теңге) көшелері орта жөндеуден өтіп, асфальт төселді. Осы жұмыстар «9 мамыр» көшесі мен «Қоңыров» көшесінен орталық стадионға дейін (құны – 3 016,0 мың теңге) жүргізілді.

Аталмыш бағдарлама арқылы ауылдағы көпірлерді ағымды жөндеуден өткізу мақсатында 21 млн. 745,0 мың теңге бөлінсе, оған Бурыл ауылындағы «Қоңыров» көшесіндегі және Құмжота ауылындағы «Битаева» көшесіндегі көпірлер жөнделді.
Бурыл ауылдық округі бойынша электр желісімен жабдықтау және түнгі жарық орнату жұмыстарына 94 млн. 604,0 мың теңге бөлініп отыр. Нәтижесінде Бурыл ауылындағы «Арай», «Байзақ датқа», «9 мамыр» тұрғынжай иіндері электр жарығымен жабдықталып, Құмжота ауылындағы Талас мөлтек ауданы мен «Нұр» тұрғынжай иініне, «Бөбек ата», «Абай», «М. Әуезов» және «Жайдарбек» көшелеріне, Бурыл ауылындағы «Құмжота», «Каримов», «Белқожа» көшелері мен «Көктем-1» «Көктем-2» тұрғынжай иіндеріне түнгі жарықтар орнатылды. Ауылдық округте абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлініп, қарастырылған 36 млн. 046,0 мың теңге қаражатқа «Жеңіс» саябағындағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіш пен балалар ойын алаңының аумақтары көгалдандырылып, абаттандырылды. Сонымен қатар, «Тәуелсіздік» монументі ағымды жөндеуден өткізіліп, Тараз қаласынан кіре берісіне қақпа (арка) орнату жүргізілді.
Бурыл ауылдық округіндегі ішкі каналдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 163 млн. 825,0 мың теңге бөлінген. Ағымдағы жұмыстар арқылы «Өтеміс-1» каналының 2,5 шақырымы, «Өтеміс-2» каналының 3,5 шақырымы, «Қарлығаш» каналының 2,1 шақырымы, «Береке» каналының 1,1 шақырымы, «Көбей» каналының 0,7 шақырымы, «Дүйсен» каналының 1,2 шақырымы, «Коля» каналының 0,9 шақырымы, «Ниязхан» каналының 0,7 шақырымы ретке келтірілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында, Бурыл орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 116 млн. 237 мың теңге қаржы қаралды. Аудан әкімдігі білім бөлімінің тапсырысы негізінде жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын мердігер «Ник-Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз міндетіне алды. Мұндағы жұмыстар мамыр айында басталып, тамыз айының ортасында аяқталды.
Бұдан бөлек, трансферттер есебінен бөлінген 850 млн. 681 мың теңге қаржыға Бурыл ауылының су қабылдау имараттары мен су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталып кетті. Үстіміздегі жылы мамыр айының басында басталған жұмыстарды мердігер «ҚазМұнайҚұрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде Бурыл ауылында орналасқан 1 302 ауланың 8 950 тұрғыны таза ауыз сумен қамтылатын болады.
Бурыл ауылына 180 орындық мәдениет үйі құрылысы жүргізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 400 шаршы метрді құрайтын мәдениет ошағына республикалық бюджет есебінен 157 млн. 901,0 мың теңге бөлінген. Мердігер «Жаңатас Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жуырда мәдениет үйін пайдалануға бермек.
Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту, халықты дене шынықтырумен айналысуға тарту және салауатты өмір салтын насихаттау тапсырмасын орындау мақсатында, Бурыл ауылында дене шынықтыру – сауықтыру спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ашылды. «Ауыл – ел бесігі» жобасымен салынып жатқан жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ағымдағы жылғы сәуір айында басталып, оған республикалық бюджеттен 249 млн. 300 мың теңге, облыстық бюджеттен 27 млн. 700 мың теңге қаржы бөлінді. Құрылыс нысанын бас мердігер «Интегрострой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр.
Бүгінгі таңда, «Аумақты дамыту» бағдарламасы арқылы 300 орындық «Бурыл-1» орта мектебінің құрылысы жүргізілуде. Аудан әкімдігі сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде бой көтеріп жатқан аталмыш нысанның ағымдағы жылдың наурыз айында іргетасы қалана бастаған. Жалпы құны 1 млрд. 181 млн. 47 мың теңге болатын жаңа нысанға «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер атанды. Аумағы 2,5 гектарды құрайтын құрылысқа техникалық қадағалаушы «Инжиниринг Сервис Групп», ал, жобалаушы мекеме «Күмбез Тас» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері болып танылған. Құрылыс нысаны келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
2020 жылдың 9 айында ауылда 56 азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның 35 азаматы жұмыспен қамтылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 35 азамат «Бизнес-Бастау» сертификатын алған. Оның ішінде, 48 азамат 26669,0 мың теңге шамасында (грант) қайтарымсыз ақша алса, 16 азамат 68,0 мың теңге көлемінде несиеге қол жеткізген. Ауыл әкімшілігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша өзіндік қосалқы шарушылығын жүргізу үшін жер телімін алуға 93 азамат кезекке тіркелген. «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша 2020 жылы 2 жас маман Бурыл орта мектебіне жұмысқа тартылды.
Ауыл шаруашылық саласы бойынша 185 шаруа қожалық, 2 өндірістік кооператив «Башатов У.» және СПК «Grand food premium» және 250 шағын кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде, 10 ірі шаруа қожалықтары 2 450 га жер алқаптарын игеріп отыр. Сонымен қатар, 338 га қант қызылшасы мен көкөністер отырғызылды.
Осы жылы күзгі екі айлық тазалық жұмыстарына 280 адам, 1 автокөлік техникасы тартылып, 31 тонна қоқыс тасымалданды. Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 505 – бабының 1-бөлігі (елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу және бүлдіру) бойынша 1 мекемеге және әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 204 – бабының 1-бөлігі (белгіленбеген орындарда сауда жасау) бойынша 2 адамға айыппұл салынып, хаттамасы толтырылды. Бүгінгі күнде түскен айыппұл сомасы 125 010 теңгені құрайды.
Облыс әкімінің бастамасымен жүргізіліп жатқан «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша ауыл әкімшілігі және жеке кәсіпкерлер, туған-туыстары көмегімен әлеуметтік аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасы Оразымбет Жақановқа 130 шаршы метрді құрайтын 5 бөлмелі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының толығымен бітуі ағымдағы жылдың желтоқсан айына жоспарланып отыр.
Жамбыл облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің карантиндік шектеу шаралары туралы №39 бұйрығы бойынша ауыл әкімшілігі жанынан құрылған мобильдік топ мүшелері күнделікті зерделеу жұмыстарын жүргізуде. Атап айтсақ, ауылға қарасты 12 мемлекеттік мекеме, 35 азық-түлік дүкендерінің санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті қатаң бақылауда.
Мобильдік топ мүшелері коронавирустық инфекцияны алдын алу мақсатында негізгі көшелерді аралап, рейд жұмыстарын жүргізуде. Бүгінгі таңда, ешқандай той және жиындардың жасалынып жатпағандығы анықталды. Сонымен қатар, қоғамдық орындарда бетпердесіз жүруге тыйым салынғандығы туралы тұрғындарға ескертіліп, 250-ден аса ақпараттық парақтар мен жаднамалар таратылып, санитарлық жұмыстар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бурыл ауылдық округі бойынша келесі жылға ауыл көшелерін толық түнгі жарықпен қамтамасыз ету, ауыл көшелеріне және жаңа тұрғын жай иіндеріне асфальт жолын салу бойынша жобалық – сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.
Нүркен ӨНЕТАЕВ,
Бурыл ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы.

келе жатқан елді мекеннің бірі әрі бірегейі – Бурыл ауылдық округі. Бурыл және Құмжота елді мекендерін біріктіріп отырған ауылдық округте 2 193 аулада 13 343 тұрғын болса, олардың қырық пайызын жастар құрап отыр. Ауылда 3 мектеп, 6 балабақша, 1 ауылдық амбулатория қызмет көрсетуде. Ауылда жалпы 33 көше болса, оның 14 көшесі түнгі жарықпен қамтамасыз етілген.

Байзақ ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close