Білім көкжиегіБасты бетЖаңалықтарҚоғам

Жамбыл облысында 11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады

Жамбыл облысында 11 қаңтардан бастап оқу жылының үшінші тоқсаны басталады. Бүгін ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова білім саласының оқу професіне қатысты өзгерістер туралы баяндап берді.
Аймақ бас мұғалімінің айтуынша, үшінші тоқсанда 1-5 сынып оқушылары «кезекші сыныптарда» оқуларын жалғастырады. Ал мектеп бітіруші 9 және 11 сынып оқушылары аралас форматта 15 адамнан аспайтын «кезекші сыныптар» режимінде оқуды бастайды. Сабақ уақыты 30 минуттан аспайды және үзіліс 5 минуттан болмақ.
Гүлнәр Ходжабергенова 70% пәндер оффлайн өтетін сабақ кестесіне енгенін айтып өтті. Бұл қатарда орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәні бар. Өйткені, оқушылар осы пәндерден ҰБТ және мемлекеттік емтихан тапсыратындықтан дәстүрлі түрде оқытылады. Қалған 30 % пәндер яғни информатика, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, құқық негізі, алғашқы әскери технологиялық дайындық сабақтары қашықтан оқытылады.
Бүгінде облыс бойынша 455 мектепте 240 713 оқушы оқиды. Алдағы уақытта да осы межеде мектептер өз жұмысын бастайды.
-«Балаларға тегін көмек беру туралы айта кететін болсақ, облыс бойынша 40 мыңға жуық балаға тегін тамақ түрінде, тегін киім-кешек, оқу құралдары және жазда біреттік сауықтыру лагерлерлеріне бару сияқты тегін көмек көрсетілуде. Үкіметтің №64 қаулысына сәйкес, аталған тегін көмекке бюджеттен қаражат бөлінеді. Қаулыда көрсетілгендей, біреттік ыстық тамақ балалардың оқу орны бойынша беріледі. Демек, бала оқу орнына келсе, тамақтанады, ал келмеген жағдайда тамақтанбайды. Сәйкесінше, қаражат та бөлінбейді. Бүгінде оқушылар дәстүрлі форматта оқыған күнде де, асханалар іске қосылған жоқ. Себебі, санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, асханалардың іске қосылуына рұқсат жоқ. Ал баланың тамақтануына бөлінген қаражат, сол білім мекемелерінің басқа да қажеттілігіне жұмсалды»,- деп айтты спикер.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close