Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғамӘлеумет

Жамбыл ауданында екпе салу жұмыстары басталды

Жамбыл аудандық орталық ауруханасына «Спутник-V» вакцинасының алғашқы 50 дозасы жеткізілген болатын. Бүгін аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Алтай Сауруков пен емхана дәрігерлері алғашқылардың бірі болып, вакцинациялаудан өтті.

Жалпы, емханада вакцина салу үшін 3 кабинет (2 екпе егу бөлмесі, 1 екпеден кейінгі бақылау бөлмесімен) жасақталған. Олардың барлығында профилактикалық екпе жұмыстарын жүргізудің стандартты тәртібі бекітілген. Иммундау үшін медициналық мамандар арнайы курстан өткен.
Емханаға келген алғашқы екпе алушыларды дәрігер қабылдап, олардың денсаулық жағдайын тексерді. Эпидемиологиялық анамнезін жинақтап, вакцина қабылдауға ешқандай қарсы көрсетілімнің жоқтығына көз жеткізді. Ең алдымен пациент ерікті түрде вакцина алатыны туралы ақпараттық келісімге қол қояды. Одан әрі екпе алу бөлмесіне жіберіледі. Онда дәрігер вакцинадан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы айтты. Мәселен, вакцина еккеннен соң жеңіл немесе орташа дәрежеде жағымсыз әсерлердің үш күн ішінде болуы қалыпты жағдай екені түсіндірілді. Екпе алып болған соң, екпе салдырған медицина қызметкерлері 30 минуттай медициналық бақылау аймағында дәрігердің қадағалауында болды.
Екпе алушыларға екпенің 0,5 миллилитр болатын бірінші компонентін алғаны туралы ескертіліп, 21 күннен кейін бұл процесс тағы да қайталанатыны айтылды. Өйткені, екінші доза біріншісінің әсерін күшейтеді және нығайтады, адам организміндегі антиденелер саны артады.
Екі күн ішінде алғашқы лекпен келген 50 доза медицина қызметкерлеріне салынатын болады.
Қазақстанда әзірге ресейлік «Спутник-V» преапараты қолданылуда. Ол жүкті әйелдерге, ауыр дәрежелі аллергиясы барларға, вакцина құрамындағы заттарға сезімталдығы жоғары жандарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жасқан асқандарға салынбайды.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close