Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

10 әкімшілік айыппұл салынды

Аудан аумағында мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен карантин талаптары сақталуына қатаң бақылау жүргізіліп жатқаны белгілі. Үстіміздегі жылғы ақпан айының алғашқы онкүндігінде аудандық санитарлық – эпидемиологиялық бақылау басқармасы бойынша барлығы 10 әкімшілік айыппұл карантин режімін бұзу фактілері бойынша салынған.
Аудан тұрғындарына салынған айыппұлдың басым бөлігі қарапайым карантин талаптарын сақтамау бетперде (маска) тақпау салдарынан орын алған. Атап айтар болсақ, мал базарында А.Маханбетов, Бурыл ауылдық округіндегі «Сәтті» дүкенінің сатушысы Д.Қабылов, шаштараз А.Махаметова, «Мария» дүкенінің сатушысы Д.Шахзодаева, «Сауда үйі» дүкеніне келуші Ә.Әбір, Сарыкемер ауылдық округіндегі «Тәтті себет» супермаркетіне келуші А.Карибекова, Байзақ ауылындағы «Достық» дүкенінде Н.Түлеубай бетперде (маска) тақпағандары үшін ҚР ӘҚБК-нің негізінде 43 755 теңге көлемінде айыппұл арқалады.
Сонымен қатар, «Дана» шағын маркетінің жұмысшысы Р.Алпысбаева сөредегі нанның қапталмауы және қолғап қорғанышын пайдаланбағаны үшін 43 755 теңге айыппұл төлесе, «Тәтті себет» супермаркетінің әкімшісі А.Алипбековаға термометрия мен қолғапсыз көрсетілген қызмет үшін 43 755 теңге айыппұл салынды.
Осындай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Сондықтан, аудан тұрғындарынан пандемия кезеңінде карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. «Саулық – сақтықта» екенін естен шығармайық!

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close