Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда ведомствоаралық кеңес өтті

17 ақпан күні Тараз қалалық прокуратурасында облыс прокурорының бірінші орынбасары К.Мамаевтың төрағалық етуімен COVID-19 коронавирусты инфекциясының таралуымен байланысты карантиндік шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті. Жиынға қала әкімі А.Қарабалаев, қала прокуроры Ж.Сматов, қаладағы құқық қорғау және құзырлы органдардың басшылары қатысты.
Сондай-ақ, ведомствоаралық кеңеске қала әкімдігі жанынан құрылған 12 мобильді топ жетекшілері қатысты.


Ресми басқосуда проблемалық мәселелер талқыланды. Баяндамашылар санитарлық дәрігер енгізген шектеулерді жүйелі түрде бұзатын нысандарды атап, қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close