Басты бетКоронавирусҚоғам

Тараз қаласындағы 9 емханада вакцина егу жұмыстары жүргізілуде

  Бүгінде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Тараз қаласында тұрғындарға «Спутник V» вакцинасын салу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, оның ішінде медицина қызметкерлері мен педагогтар да бар.  Екінші рет екпе салғанда алдыңғы екпенің әсері күшейеді және адам ағзасындағы антиденелер саны мен ағзаның қорғаныш қабілеті артады. Вакцина алғандар тарапынан денсаулығына теріс әсер беріп, шағым келтіргендер тіркелген жоқ.

  Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады. Тараз қалалық емханаларында жалпы білім беретін орта мектептердің педагогтарына коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын егу науқаны жүргізілуде. Өңірге Қарағанды фармацевтикалық зауыты базасында өндірілген «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы жеткізілген. Вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілген. Осы санаттағы адамдарға вакцина салу үшін Тараз қаласындағы 9 емханада егу жұмыстарын жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Вакцина ерікті түрде жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close