Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Тараз қаласында жағдай тұрақты

Өткен жылы Тараз қаласында коронавирус індетіне байланысты 2260 жағдай тіркеліп, пневмония бойынша 250 адам ауырған. Сонымен қатар, былтыр Тараз қалалық әкімдігі тарапынан шектеу шараларын сақтамағаны үшін 228 әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасы толтырылып, 50 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.

  Қауіпті індетпен күрес Тараз қаласында биыл да жалғасуда. Вакцина егу мақсатында қалада 9 емхана жұмыс істейді. Сондай-ақ, Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялаған болатын. Мұнда Жамбыл өңірінің «жасыл аймақта» қалғаны айтылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close