Басты бетЖаңалықтарСаясатҚоғам

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV кезеңі басталды

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының IV кезеңінің басталғанын хабарлады. Өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 22 ақпанынан 25 наурызына дейін 100janaesim.ruh.kz сайтында жүзеге асады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жоба 2017 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен жарық көріп, биыл да жалғасын тапты.
«Биылғы байқау – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Осы жылдар ішіндегі еліміздің табыстары – ел азаматтарының ерен еңбегінің жемісі. Жақсыдан үйрен деген халқымыз жас ұрпақты осындай адамдардан өнеге алуға тәрбиелеген».

Жобаға елде және елден тыс жерлерде тұратын қазақстандықтар қатыса алады. Қатысушылардың өтінімдері келесі 7 номинация бойынша іріктеледі: медицина, білім беру, ғылым және инновация, экология, мәдениет және спорт, бизнес, қоғам.

Қатысу үшін үміткерлер 100janaesim.ruh.kz сайтындағы сауалнаманы толтыру қажет.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close