Басты бетЖаңалықтарХабарландыруҚоғамӘлеумет

Таразда 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында рейд жүргізіледі

24 наурыз бен 1 сәуір аралығында Тараз қаласы полиция басқармасы қала көлемінде «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша рейдтік жұмыстар жүргізеді. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Рейдтік жұмыстар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінінің 334-бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы анықталған жағдайда аталған Кодекстің талаптарына сәйкес хаттама толтырылады. Жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close