Басты бетЖаңалықтарҚоғамӘлеумет

Таразда жаппай сенбілік өтті

Таразда жаппай сенбілік өтті. Бұл туралы Ақпарақ ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. 26 наурызда шаһардың 54 көшесінде өткен сенбілікке 65 мекеменің 2895 ұжымы мен қала тұрғындары белсене қатысты.
Сенбілікте 27 шақырым арық жүйесі тазартылып, 192 тонна күл-қоқыс шығарылып, 28 дана арнайы көлік жұмылдырылған.
Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 500-ге жуық қызметкерлері қаланың магистральді және орталық көшелерінде арық жүйелерін тазарту, бағаналарды сырлау, қураған ағаштарды кесу, жол жиектерін сыпыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыстарға 83 техника жұмылдырылып, 91 тонна күл-қоқыс шығарылды.
Абай даңғылы мен Сүлейменов көшесінде орналасқан бағаналар сырланды.
Сондай-ақ, қала әкімдігі тарапынан көшелердегі ретсіз, заңсыз орналасқан жарнамаларды алу жұмыстары жүргізілді.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close