Басты бетЖаңалықтарКоронавирусҚоғам

Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары 800-нші болып екпе салдыртты

Елімізде қауіпті індет өршуіне байланысты оның алдын алу жұмыстары мықтап қолға алынуда. Аймақтарда карантин талаптары күшейтіліп, шектеу шаралары қатаңдатылу үстінде. Жалпы жағдай мәз емес. Індетті жұқтырғандардың саны күннен күнге көбейіп барады. Сондықтан да барлығына тәртіпті сақтап, карантин талаптарын орындағаны шарт. Індетті жұқтырып алмау, одан қорғану үшін вакцина салдырғаны жөн. Солай ғана қауіпсіз орта қалыптастыруға болады. Бәрі де өзімізге байланысты.
Өткен жыл бәрімізге бұл індеттің адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін аңғартты. Қайғылы жағдайлар орын алып, арамызда жүрген арда азаматтар аурудан көз жұмды. Бұл бізге сабақ болуы керек еді. Алайда әлі де бойымыздан немқұрайлылық байқалады. Жергілікті атқарушы органдар қанша жерден жұмыс жасап жатқанымен, тұрғындар тәртіпке бағынып, сақтық шараларын сақтамаса бәрі де бекер.
Біздің ауданда эпидахуал тұрақты болғанымен, қауіп сейілмей тұр. Аудан әкімдігі, денсаулық сақтау мекемелері тарапынан бақылау күшейтілген. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев аудандық орталық емханаға барып, дәрі-дәрмек қоры, вакцинация мәселелері бойынша жағдайды бақылап қайтты. Көптің бірі болып, өзіне «Спутник-V» екпесін салдырды.
Жалпы бүгінге дейін вакцинаның 800 дозасы салынған. Күнделікті 70-85 адамға дейін екпе егілген. Жаңадан 400 доза жеткізілген. Ал, дәрі-дәрмекке келетін болсақ, емхананың төменгі қабатында орналасқан қоймада 3 айға жететін қажетті дәрілік қор сақталып тұр. Бұны біз аудандық орталық емхананың бас дәрігері Алтай Сауруковтан естіп, көзбен көріп қайттық.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демекші, өзімізге де, жақындарымызға да сақ болайық. Немқұрайлылық, салғырттық танытатын кез емес бұл. Сол үшін де сақтық шараларын сақтап жүрейік.

Ильяс Қалыбеков, Жамбыл ауданы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close