Басты бетЖаңалықтарМәдениетРуханиятҚоғам

Ұлттық мәдениетімізді насихаттау жолында жүйелі жұмыстар жүргізілмекші

Мәдениет пен өнер – қоғамның айнасы саналады. Елдің рухани
мұрасы, асыл қазынасы саналуы сондықтан.
Өйткені өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынғаны жасырын емес. Заманауи мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне берілді, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы ел дамуы
үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды.

Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Осы орайда, қасиетті Байзақ жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. Аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клубтар, 1 орталық аудандық кітапхана, 1 балалар кітапханасы, 23 ауылдық
кітапханалар және 1 тарихи өлкетану музейі тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Өткен жылы елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамтамасыз ету мақсатында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен Бурыл ауылынан 180 орындық, Жетібай ауылынан 90 орындық, Көкбастау ауылынан 90 орындық мәдениет ошақтары бой көтеріп, ел игілігіне берілді.
Облыстық бюджеттен бөлінген қаражатқа Түймекент, Дихан, аудан орталығындағы әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйлеріне модульдік қазандықтар орнатылып, көгілдір отынға қосылды. 2021 жылдың І тоқсанында ауылдық клубтарда 78 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның 39-ы онлайн, 39-ы офлайн түрінде өтті. Өткен жылы клубтардағы үйірмелер саны 2020 жылы 82 болса, оған қатысушылар 820 адам болатын.
Биыл үйірмелер саны 98-ге жетіп, оған қатысушылар 1 241-ді құрап отыр. Үйірме саны 16-ға, қатысушылар саны 421-ге артты.
Мемлекеттік және атаулы күндерге арналған мерекелік іс-шаралар аудан өмірінің елеулі оқиғалары болып табылады. Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орайластырылып, түрлі форматта іс-шаралар жүйелі өтуде. Үстіміздегі жылы клубтардағы үйірмелерге қатысушылар санын арттыру мақсатында ауылдық клубтарға ұлттық аспаптар, домбыра, баян, қобыз алып беру жоспарлануда.
Ауданда ауылдық кітапханалар базасынан 2018 жылдан бері 23 цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылған болатын.
Онда ауыл тұрғындарына аудан орталығына бармай-ақ 1 020 қызмет түрлерін алуға қол жеткізсе, 2020 жылы 8 986 қызмет көрсетілді. 2021 жылдың І тоқсанына 3 923 қызмет көрсетілді. Биыл 23 ақпараттық орталықта жыл соңына дейін 10 мың адамға қызмет көрсету жоспарлануда.
Сондай – ақ , ақпан айында «Парасат » жобасы ашылып, соның аясында әр аптаның жұма күндері түрлі тақырыпта іс-шаралар
ұйымдастырылуда. Жоба аясында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты поэзия кеші, «Ауғанның отты жылдары» кезде су кеші, «Аналар
отбасымыздың тірегі» және «Елдік пен бірліктің мерекесі» атты әдеби-әуенді кештер, «Алаштың Әлиханы» атты тақырыптық кеш, «100 жыл жасаған Жас Алаш» атты ақпараттық сағаттары ұйымдастырылды. Өткізілген ісшараларға зиялы қауым өкілдері, кәсіпкерлер, жастар, мекеме және кәсіпорын ұжымдарының
қызметкерлері белсене атсалысуда. Мәдениет ошақтарында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай «Патриоттық әндер», «Байзақ жұлдыздары», «Қазақы дастарханым» атты аудандық байқаулар және «Қазақстан – татулық пен келісім мекені», «Ел іші – өнер кеніші» атты фестивальдерді өткізу жоспарланып отыр.
Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымыз бен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер
халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор.
Қазіргі таңда аудан көлемінде 226 тарихимәдени ескерткіш сақталынған. Республикалық дәрежедегі 3 археологиялық ескерткіш: Төменгі Барысхан, Түймекент, Охуум қалашықтары.
Халықаралық дәрежедегі 1 ескерткіш ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енген Қостөбе қалашығы. Оның ішінде, 37 ескерткіштің құжаттары заңдастырылған. 2020 жылы 13 ескерткіштің мемлекеттік актілері заңдастырылды. Биылғы жылы да бұл жұмыстар жалғасын табады. 2021 жылы мәдениет саласы бойынша бірқатар жұмыстар қолға алынатын болады. Елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту мақсатында биылғы жылы Темірбек ауылдық округіндегі Тегістік ауылынан 90 орындық,
2022 жылы Кеңес, Ақшолақ, 2023 жылы Мырзатай, 2024 жылы Байзақ ауылдарынан клуб салу жоспарға енгізілді. Мұнымен
қатар, елді мекендердегі ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Көктал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. Түймекент, Дихан, Үлгілі, Байзақ ауылдық клубтарды ағымды жөндеулерден өткізу үшін сметалық құжаттары дайындалып, қаржы бөлуге ұсыныс беру үшін облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына өткізілді. Үстіміздегі жылы Абай, Мәдімар, Дихан-2, Жақаш ауылдық клубтарын және Көкөзек ауылдық кітапханасын газға қосу жоспарлануда.
Аудан аумағындағы ауылдық клубтарды толық газбен қамту мәселесі биыл шешімін табады . Осы орайда ғимараттардың
техникалық жағдайлары алынып, сметалық құжаттары дайындалуда. Сонымен қатар, мәдениет ошақтарының алдыңғы жағын және төңірегіне түрлі декоративтік ағаштар егіліп,
гүлзарларға гүлдер егіліп, орындықтар қойылады, жарықтар орнатылады. Мұндағы басты мақсатымыз – ауылдық клуб, кітапханаларда ауыл жастары мен тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізетін орта қалыптастыру.
Ұлттық мәдениетімізді насихаттау жолында алға қойған міндеттеріміз бен мақсаттарымызға қол жеткізу үшін биылғы
жылы да жүйелі жұмыстар жүргізілмекші.

Сәкен СЫЗДЫҚОВ,
аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Close
Close